foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар» колледжінің ішкі тәртібінің ережелері

 

 

Ішкі тәртіптің осы ережелерінің мақсаты – тәртіпті нығайтумен қатар, оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің демократиялығы мен ізгілендірілуін қамтамасыз ету, жұмыс пен оқуды дұрыс ұйымдастыру, жұмыс уақытын толық және тиімді пайдалану, оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.

Колледж оқытушыларының құқықтары:

  • еңбек келісім-шартын Еңбек Кодексіндегі еңбек туралы қарастырылған шарттар және тәртіппен жасау, өзгерту, толықтыру, бұзу;
  • жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық келісім-шарттарының орындалуын талап ету;
  • еңбекті қорғау мен еңбек қауіпсіздігі;
  • еңбек, ұжымдық келісім-шарттардың шарттарына сәйкес еңбекақыны уақытында және толық көлемде төлету;
  • дем алу, сонымен қатар жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;
  • колледж Жарғысында қарастырылған тәртіппен кәсіби дайындық, қайта мамандану және өз біліктілігін көтеру;
  • Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру;
  • өзін-өзі басқару органдарына сайлау және сайлану;
  • колледж қызметінің басты мәселелерін шешуге қатысу;
  • оқу сабақтарын өткізудің түрлерін, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу әдістерін, құралдарын өз бетімен анықтау, жаңа ақпараттық педагогикалық технологияларды, эксперименттік әдістемені пайдалану;
  • жұмыстарын әкімшілік пен басқару органдары тексеру қорытындыларын шығаруға қатысу;
  • оқытудың жаңа әдістемелерін сынауға қатысу және оның нәтижелерін талдауға қатысу;
  • білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын, типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқулықтарды дайындауға қатысу;

Оқытушылар міндеттері:

  • еңбек міндеттерін еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындау;
  • еңбек тәртібін сақтау;
  • жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік тазалық бойынша талаптарды сақтау;
  • колледж мүліктеріне ұқыпты қарау;
  • еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын басқа сырларды, мемлекеттік сырды құрайтын мәліметтерді жария қылмау;
  • педагогикалық үрдістің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету; оқушыларды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, оларды өз бетімен еңбек етуге, ынталы болуға тәрбиелеу, олардың мәдениет және дене тәрбиесі тұрғысынан дамуына қамқорлық жасау, таңдаған мамандықтары бойынша білігі мен дағдысын дамыту;
  • оқушылардың болашақ мамандар есебінде шығармашылық дамуына әсер ететін оқу үрдісіне, ғылыми қызметке белсенді түрде тарту;
  • оқушылардың жеке қасиеттерін қадірлеу;
  • өзінің кәсіби, саяси, жалпы мәдени деңгейін үнемі көтеру, 3-5 жылда 1 рет біліктілік арттырудың түрлі формасына өту, өз білімін жүйелі көтерумен айналысу;
  • колледж Жарғысын сақтау.

Арнайы пәндер оқытушылары оқушылардың оқу және өндірістік практикаларын басқаруға міндетті.

Оқытушыларға пәндік (циклдық) комиссияны басқару, сәйкес пәндері бойынша оқу дәрісханаларына меңгеруші болу, сонымен қатар күндізгі бөлімдегі оқу топтарының топ жетекшілігі міндеттері жүктеліне алады.

Оқытушылар белгіленген тәртіппен аға оқытушы болып тағайындала алады, оларға әдіскер-оқытушы атағы беріле алады.

Жұмыс уақыты және оны пайдалану

Колледж оқытушылары оларға белгіленген жылдық оқу жүктемесі мен оқу орнының тәрбие және әдістемелік жұмыстары жоспарларына сәйкес оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыстардың барлық түрлерін жүргізуге тиісті. Қысқы каникул кезінде, сонымен қатар еңбек демалысы басталғанға дейін және кейін жаз мезгілінде бекітілген семестрлік және жылдық жоспарларға сәйкес оқытушыларды директор мынадай шараларға қатыстыра алады:

  • әдістемелік кеңес пен оның комиссияларының жұмысына қатысу;
  • педагогикалық оқуларға, семинарларға, біліктілігін көтеру бойынша және теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіру бойынша басқа шаралар;

Топ жетекшілері қысқы каникул кезінде оқушылармен мәдени-көпшілік шараларды өткізуді ұйымдастыру; бөлім меңгерушілері, пәндік (циклдық) комиссия жетекшілері, дәрісхана меңгерушілері оқу-әдістемелік құжаттарды, дәрісханалар мен зертханаларды келесі семестрге дайындайды, студенттік отрядтар құрады.

Оқу сағатының ұзақтығы 90 минут деп белгіленді, сабақтар арасында 10 минуттық үзіліс, тек екінші пардан кейін 20 минуттық үзіліс.

Әр сабақтың басталуы жөнінде оқытушылар мен оқушылар екі қоңыраумен құлақтандырылады - ескерту (оқу басталуына 2 минут қалғанда) және екіншісі – оқудың басталғандығы туралы.

Сабақ аяқталғанда қоңырау 1 рет соғылады.

Оқу басталып кеткеннен кейін сабаққа кіруге үзіліске дейін рұқсат етілмейді.

Бөгде келушілер сабаққа директордың не оның оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен қатыса алады. Сабақ кезінде оқытушыларға олардың жұмысы жөнінде ескерту жасалуға ешкімге рұқсат етілмейді.

Қызметкерлердің, жұмысшылардың және оқу-қосалқы құрамының жұмыс күнінің ұзақтығы алты күндік апта кезінде күніне 7 сағат.

Қызметкерлер мен жұмысшылар үшін күн тәртібі колледждің педагогикалық кеңесімен, оқу орнының кәсіподақ комитетімен келісе отырып өзгертіле, нақтылана алады.

Оқу орны әкімшілігі жұмысқа келу мен жұмыстан кету есебінің дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті.

Жұмыс уақытында тыйым салынады:

  • қызметкерлерді өз жұмысынан алаңдатуға, қоғамдық міндеттерді орындау үшін оларды жұмыстан шақыртып алуға не шығарып алуға;
  • қоғамдық істер бойынша жиналыстар, мәжілістер шақыруға.

Марапаттау және еңбек тәртібін бұзған жағдайда шара қолдану

Жұмыс бойынша өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, еңбектегі жаңашылдық үшін, өнертапқыштық ұсыныстар үшін, жаңа педтехнологияларды дайындап, енгізгені үшін, озық педагогикалық тәжірибені енгізгені үшін оқу орындарының педагогикалық қызметкерлері үшін марапаттаудың төмендегі шаралары белгіленеді:

  • алғыс;
  • Құрмет грамотасымен марапаттау;
  • Құрмет кітабына, Құрмет тақтасына енгізу;
  • мамандығы бойынша үздік қызметкер атағын беру;
  • бағалы сыйлықпен марапаттау;
  • ақшалай сыйлық.

Марапаттаулар бұйрықпен хабарланады және еңбек кітапшасына оларды жүргізу ережелеріне сәйкес жазылады.

Тәртіпті бұзуға байланысты қолданылатын шаралар:

а) ескертулер;

ә) сөгіс;

б) қатаң сөгіс;

Көрсетілген жазалауларды оқу орнының директоры белгілейді, қажет жағдайда колледж педагогикалық кеңесімен келіседі.

Жұмыстан себепсіз қалғаны үшін төмендегі шаралардың бірі қоданылады:

а) тәртіптік шаралар (сөгіс, қатаң сөгіс);

б) еңбек кітапшасына қызметкердің жұмыстан себепсіз қалғандығы үшін шығарылғандығын көрсете отырып жұмыстан шығару.

Жұмыстан қалу деп 1 жұмыс күн бойына жұмыстан себепсіз 3 сағаттан артық қалуды айтады.

Әкімшілік жазалау шараларын кемшілік табылғаннан кейін ғана қолданады. Шара қолдануға дейін еңбек тәртібін бұзушыдан түсініктеме алынуы керек.

Тәртіптік жазалау шарасын жұмыскердің ауырған уақытын не оның еңбек демалысында болуын есепке алмастан, кемшілік табылғаннан кейін 1 айдан кешіктірмей қолдану керек.

Тәртіптік жазалау тәртіп бұзылғаннан кейін 6 айдан артық уақыт өткен жағдайда қолданылмайды.

Еңбек тәртібін әр бұзған сайын тек бір ғана жазалау шарасы қолданылады. Жазалау шарасы бұйрықпен хабарланады және жұмыскерге қолхат жазыла отырып хабарланады.

Егер жазалау шарасы қолданылғаннан кейін 1 жыл ішінде қызметкер тәртіп бұзбаса, онда ол тәртіп бұзбаған деп қарастырылады.

Егер қызметкер еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерін тағы да бұзбай, өзін жақсы, адал жұмыскер етіп көрсетсе, директор 1 жыл уақыт өтуін күтпей-ақ жазалау шарасының алынып тасталғандығы жөнінде бұйрық шығара алады.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі

Оқушыларды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдауды қабылдау комиссиясы белгіленген тәртіппен өткізеді. Колледждегі оқу сабақтары директор бекіткен оқу кестесі бойынша өткізіледі.

Оқу кестесі бір семестрге жасалып, оқу ғимаратының көрнекті жеріне оқу басталудан 1 апта бұрын ілініп қойылады.

Әр сабақ басталғанға дейін оқытушылар қажетті оқу құралдарын, аппаратураны, жабдықтар мен аспаптарды дайындап қояды.

Барлық оқу және оқу-өндірістік бөлмелердегі тазалық пен тәртіпті директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары  қамтамасыз етеді.

Әр оқу тобына директордың бұйрығымен оқу жылына топ басшысы тағайындалады.

Оқу орындарындағы басқаруды демократияландырудың жаңа тенденцияларына сәйкес төраға басқарған топ кеңестері сайлана алады. Күндізгі бөлімнің топ кеңесі топ жетекшісімен бірге сабақтарда тәртіп пен жұмыс атмосферасы болуына жауап береді.

Топ басшысы (оқушылар кеңесінің төрағасы) міндеттері:

Топ басшысына топта оқу-тәрбие жұмысын орындауды қадағалау міндеті тапсырылады.

  • топтағы үлгерім мен сабаққа қатысты бақылау;
  • тәртіп орнату, топ оқушыларына оқулықтар мен оқу құралдарын уақытында тарату, түрлі шараларды ұйымдастыру мен өткізу.

Әр оқу тобына белгіленген формадаға оқу сабақтарының журналы жүргізіледі. Журнал оқу бөлімінде сақталады және топта сабақ өтетін оқытушыға немесе топ басшысына беріледі.

Оқу тобының әр оқушысының міндеттері:

  • теориялық білім мен практикалық дағдыны игеру;
  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау; оқытушының барлық тапсырмаларын өз бетімен орындай білу;
  • компьютерлік техниканы, компьютерлік қамту бағдарламаларын, Интернетке шығуды жетік білу; қоғамдық-пайдалы еңбекке, ұжымның қоғамдық өмірде өзіне-өзі қызмет көрсетуіне қатысу;
  • өз бетімен білім алу мен жүйелі түрде айналысу, кітапханаға, оқу залына, колледждің электрондық кітапханасына үнемі барып тұру;
  • ақыл-ой, мәдени, спорттық, қоғамдық сипаттағы түрлі сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға және басқа шараларға қатысу;
  • тәртіпті, сыпайы болу, оқытушылар аудиторияға кіргенде орындарынан тұру, оқу орнының оқытушылары және қызметкерлерімен бірінші амандасу, таза киіну;
  • колледж ішіңде оқу орнына лайықты классикалық үлгідегі киім кию:

Қыздар – жыл мезгілінің жылы айларында көк, қара, негізінде сұры түстегі сарафан, юбка, ақ түстегі кофта киеді; сарафанның, юбканың ұзындылығы тізеден 5-7 см. – ден жоғары болмауы керек. Жыл мезгілінің салқын кездері: классикалық үлгідегі костюм, шалбар киюге болады.

Ұлдар – классикалық үлгідегі костюм, бір түстегі көйлектер киеді.

Түрлі діни ағымдарының киім үлгілерін, соның ішінде «хиджаб» киюге, сақал жіберуге, оқу процесі кезінде мешітке баруға рұқсат берілмейді.

  • оқу орнында, сонымен қатар өндірістік практика кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • колледж меншігіне ұқыпты қарау;
  • сабаққа қажетті оқу құралдарымен келу.

Жасы 18 – ге толмаған оқушыға кешкі мезгілде сағат 23 – ден кейін көшеде, кафе- барларда жүруге болмайды.

Колледж ішінде, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаған, ішімдік ішкен, темекі тартқан оқушыларға т.б. тәртіпсіздік көрсеткен оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тәртіптік шара қолданылады.

Оқушыларды, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін, сабақтан босату директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі.

Ауырып қалуы не басқа жағдайларда сабақтан себепті қалса, оқушы 3 күн ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, бөлім меңгерушісіне не топ жетекшісіне хабарлауға, кейін қалған күндерін өтеуге міндетті.

Бәр семестр бойынша барлығы 48 сағат жіберген бюджет бөлімінің оқушысына стипендия төленбейді.

Колледжде оқып жүрген жасы 18 – ге толмаған оқушы үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда кешкі мектепке ауыстырылады..

Жақсы үлгерімі, өндірістік оқудағы жоғары көрсеткіштері, үлгілі тәртібі мен қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін оқушыларға төмендегі марапаттаулар белгіленеді:

  • алғыс;
  • Құрмет кітабына, Құрмет тақтасына енгізу;
  • мақтау қағазы;
  • бағалы сыйлық, ақшалай сыйлық.

Марапаттауды оқу орнының әкімшілігі педагогикалық кеңеспен, басқа қоғамдық ұйымдармен келісе отырып жүзеге асырады.

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін оқушыларға төмендегі тәртіптік жазалау шаралары қолданыла алады:

а) ескерту (оқытушы не топ жетекшісі жасайды);

ә) тәртібі бойынша бағасын төмендету (семестр аяғында топ жетекшісі белгілейді);

б) сөгіс (директор бұйрығымен хабарланады);

в) оқу орнынан шығару.

Оқушыны оқу орнынан шығару, сонымен қатар қайта қабылдау директор бұйрығымен жүргізіледі. Үлгермеуі, оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін, сонымен қатар жеке жағдайларда оқудан шығару, оқушыларды оқуға қайта қабылдау оқу орнында оқу орнының педагогикалық кеңесінде талқыланғаннан кейін, қоғамдық ұйымдар пікірін ескере отырып жүргізіледі.

Басқа оқу орнынан бюджет бөлімінен колледжге аусып келген оқушы бірінші оқу жылы ақылы бөлімге қабылданады, содан кейін үздік үлгеріміне, қоғамдық көпшілік шараларға белсенді араласуына байланысты, облыстық білім басқармасының рұқсатымен, бюджет бөліміне ауыса алады.

Оқу бөлмелеріндегі тәртіп

Оқу бөлмелеріндегі жақсы жабдықталу (оқу жиһаздарының, жабдықтардың жөнділігі, тазалық пен қалыпты температура, жөнді жарықтандыру) үшін директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары мен комендант жауап береді.

Зертханалар, дәрісханалар жабдықтарының ақаусызығы, оқу материалдарын сабаққа дайындау үшін  дәрісхана және зертхана меңгерушілері жауап береді.

Оқу орны бөлмелерінде төмендегілерге тыйым салынады:

  • сырт киіммен, бас киіммен, лайықсыз киіммен жүру;
  • арналмаған жерлерде темекі тарту.

Оқу дәрісханаларында, шеберханалар мен зертханаларда еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар ілінуі керек.

Барлық оқу бөлмелерінің кілттері колледждің рұқсат қағаз (пропуск) бойынша кезекшісінде сақталып, директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары белгілеген тізім бойынша берілуі керек.

Директордың, оның орынбасарлары мен бөлім меңгерушілерінің оқушылар мен келушілерді қабылдау уақыты регламентке сәйкес белігіленеді.