foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Студенттің Ар-Намыс Кодексі

 

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі студенттерінің қауымдастығы:

Колледждің  2020 жылға дейінгі даму стратегиясы және миссиясын жүзеге асырудағы өз жауапкершілігін сезіне отырып,

Қазақстан Республикасындағы кәсіптік-техникалық білім беру орындарының бірі ретінде «Каспий» колледжінің имиджін және корпоративті мәдениетін дамыту мен қолдауды өзінің міндеті ретінде санай отырып,

«Каспий» колледжінің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және оқу орнының әкімшілігі арасында шынайы демократиялық қарым-қатынастар жүйесін қалыптастыруға ұмтыла отырып,

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі студентінің осы Ар-намыс Кодексін қабылдайды және оны қалтықсыз орындауға міндеттенеді.

1-бап.

«Каспий» колледжінің студенті Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, колледж Жарғысын, ішкі тәртіп Ережесін, колледж оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің этикалық Ережесін және оқу-тәрбие үдерісін реттейтін басқа нормативті-құқықтық актілерді сақтауға міндеттенеді.

2-бап.

«Каспий» студенті Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, ұлттық құндылықтар мен мәдениетті, Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу тарихын біледі және қастерлейді, колледж дәстүрлерін кіршіксіз сақтап, құрметтейді.

3-бап.

«Каспий» студенті басқа студенттермен, оқытушылармен және қызметкерлермен, әкімшілікпен қарым-қатынас барысында ізеттілік, кішіпейілділік және ұқыптылық танытады.

4-бап.

«Каспий» студенті кез-келген азаматтың шығу тегі мен ұлтына, әлеуметтік дәрежесіне, діни немесе дүниетанымдық ұстанымдарына қарамастан құрметпен қарайды, ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделі идеясы мен қағидаттарын насихаттайды.

5-бап.

«Каспий»  студенті өзінің оқу міндеттерін қатаң орындайды, төмендегідей академиялық, этикалық және құқықтық нормаларды бұзушылыққа жол бермейді:

  • плагиат;
  • алдау;
  • білімді бақылаудың барлық деңгейлері мен түрлерінен өту барысында шпаргалка пайдалану, көшіру және біреуден сұрау;
  • жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану;
  • пара беру;
  • оқытушыны алдау және оны сыйламау;
  • сабақтарды себепсіз жіберу және кешігу.

6-бап.

«Каспий» студенті Қазақстанның болашақ экономикалық, саяси және басқару элитасына лайықты сапалы және бәсекеге қабілетті білім алу идеясын насихаттайды.

7-бап.

«Каспий» студенті колледж мүлкінің сақталуына қамқорлық жасайды және колледж аумағында құқық бұзушылықтардың орын алуына жол бермейді.

8-бап.

«Каспий» студенті колледж кітапханалық-ақпараттық ресурстарына ұқыпты қарайды және бұл ресурстарға қатысты салғырт қараушылық пен нұқсан келтірушілікке жол бермейді.

9-бап.

«Каспий» студенті ұқыпты киінеді. Оның сыртқы түр-келбеті зайырлы қоғамның жалпыға ортақ этикалық нормаларына, колледждің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді.

10-бап.

«Каспий» студенті салауатты өмір салтын ұстанады, өзінің мәдени, адамгершілік және тұлғалық даму деңгейін жетілдіруге ұмтылады, колледждің қоғамдық-мәдени, ғылыми және спорттық өміріне белсене атсалысады.

11-бап.

«Каспий» студенті колледжге және оның аумағынан тыс жерлерде де құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге тиіс.

12-бап.

«Каспий» студенті елдегі тәртіптің тұрақсыздануына әкеп соғатын ақпараттың таратылуына жол бермеуі, сондай-ақ заңмен рұқсат етілмеген жиналыстарға, демонстрацияларға, митингілерге, ереуілдерге, акцияларға және шерулерге қатыспауы тиіс.

13-бап.

«Каспий»  студенті колледж мүддесіне қайшы келетін және оның имиджі мен беделіне нұқсан келтіретін кез-келген іс-әрекетке қатысудан бой тартады.

14-бап.

«Каспий»  студенті студенттік қоғамдастыққа кіретінін мақтаныш тұтып, корпоративті біртұтастық сезім қалыптастырады.

15-бап.

«Каспий»  студенті аталған Кодекс ережелерінің бұзылуын байқаған сәтте оны өз күшімен түзетуге тырысады, ал мұндай әрекет мүмкін болмаған жағдайда бұл келеңсіздіктер туралы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына немесе колледж әкімшілігіне хабарлауға құқылы.