foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

 

Бірінші курс студентіне жол  көрсеткіш

  

 

Құрметті бірінші курс студенті!

Сені студенттік өмірдің басталуымен құттықтаймыз!

Бүгіннен бастап сен Қазақстан Республикасындағы беделді оқу орындарының бірі «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің» студентісің!

Арнайы сен үшін дайындалған жол көрсеткіш, саған сенімді көмекші болсын.

Колледж директоры, бөлім басшылары және колледж ұстаздары оқу кезеңінде сен тек терең білім алып, білікті маман ғана емес, сонымен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты, ұжымды бағалауға үйренеді деп сенеді.

Саған барлық істе табыс және денсаулық тілейміз!

 

МАЗМҰНЫ

  1. Колледж туралы  4 б.
  1. Кіммен хабарласа аламын 6 б.
  1. Колледж мамандықтары 7 б.
  1. Не? Қай жерде? Қалай табуға болады? 9 б.
  1. Компьютер сыныптарының орналасуы 10
  1. Оқу процесін ұйымдастыру 11 б.
  1. Студенттік күнтізбе 12 б.
  1. Колледждің ішкі тәртіп ережелері 13 б.
  1. Колледж студенттерінің өзін-өзі ұстауының этикалық принциптері 16 б.
  1. Сабақтан тыс уақытта колледж ішінде қандай үйірмелерге, секцияларға қатысуға мүмкіндік бар 17 б.

 

Колледж туралы ақпарат

Маңғыстау облысы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі –студенттер, оқытушылар, жұмыс берушілер және тағы басқа қызығушылық білдіргендер үшін актуалді білім беру жүйесі қалыптасқан, ақпараттық ортасы ашық және заманауи инфра құрылымды білім беретін оқу орны.

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі өз қызметін 2008 жылдың 22 мамыр айынан бастады.

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда. Колледж біздің өңірдің тұрғындарының білім саласы мамандарын дайындау сұранысын қамту мақсатында құрылды. Колледж қызметінің негізіне – актуалдылық, динамикалық, жаңашылдық, бәсекеге қабілеттілік, даму принциптері қойылды.

Колледж ашылған  бойы – аударма ісі, құқықтану, экономика, педагогика – бағыттары бойынша мамандар дайындалуда.

Колледж 9 мамандық бойынша лицензияға және 15 біліктілік бойынша лицензияның қосымшасына ие.

2008-2009 оқу жылында алғаш рет 81 үміткерді студенттер қатарына қабылданды. 

Алғашқы жылдары барлық студенттер коммерциялық негізде оқыды. Халыққа біздің аймағымызда үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтарды ұсындынды. Бұлар –  «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Аударма ісі», «Дене тәрбиесі және спорт» «Құқықтану». 

9 жылда колледждегі студенттер контингенті 81 адамнан 911-ге дейін артты.

2012 жылы колледж қаражаты есебінен «Каспий» спорттық кешен салынды. Спорттық кешен оқу, тәрбие процесіне, сабақтан тыс шараларға, қалалық, облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға кеңінен пайдаланылады.

Барлық оқытылатын мамандықтар бойынша, біліктілік талаптарға сай келетін, материальдық-техникалық база толықтай қамтылған деп есептейміз.

30 оқу кабинеті, 130 компьютер жұмыс жасап тұр. Интернет-зал жабдықталған.

2014 жылдан бері студенттер үшін және олардың ата-аналары үшін, барлық қызығушылық танытқандар үшін екі тілде, ішінара ағылшын тілінде пайдалы және қажетті ақпараттар беретін колледж сайты жұмыс жасайды. Сайт үнемі жаңа материалдармен, жаңалықтармен толықтырып отырады.

Ұжымның қалыптасуы 10 штаттық оқытушыдан басталды. Қазіргі таңда оқытушылар саны 42 штаттық қызметкер, оның ішінде 47,6% бірінші және жоғары біліктілік санатты, 5 оқытушы магистр болса, бір қызметкер  PhD ғылымдарының докторы.

2014 жылы облыстық «Үздік әдіскер-2014» бақауында колледж әдіскері Р.Суюбаева 3 орын иеленді.

2015 жылы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында ұйымдастырылған «Үздік колледж-2015» байқауында «Инновация шеберханасы» номинациясын иеленді.

2015 және 2016 жылдары республикалық Ұлттық-Бизнес-Рейтинг экономикалық сараптау қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы-2015» және «Сала көшбасшысы-2016» номинациясының Алтын белгісін иеленді.

2015 жылы Жаңаөзен қалалық «Робототехника-заманауи ғылым» атты мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен сайыста 3 орын иеленді.

2016 жылы облыстық «Үздік педагог-2016» байқауында арнайы пән оқытушысы А.Бекбаева «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.

2015 жылы Маңғыстау облыстық ТжКББ оқытушылары арасында «ЭКСПО-2017» шебер-сынып сайысында педагогика және психология пәні оқытушысы Ә.Хайруллаева «Жас талапкер» номинациясына иеленді.

Колледжде оқу, ғылыми-әдістемелік, тәрбие, өндірістік тәжірибе, қаржы-шаруашылық бөлімдері жұмыс жасайды.

 

Кіммен хабарласа аламын?

Директор                                                 Қалдаманов  Исенбай   Абиевич 

ішкі тел. 92-329;  моб. 87011212855.

Директордың оқу ісі жөніндегі               Аби Гүлсім Абиевна    ішкі тел. 92-328.

орынбасары:                                           Моб. +77785610555.

Директордың ғылыми-әдістемелік                   Суюбаева Райхан Давыдовна,

жұмысы жөніндегі орынбасары:            ішкі тел. 92-618; моб. +770288228058

Директордың тәрбие жұмысы                Амирбекова Гүлшат Сайынқызы,

бойынша орынбасары:                                     моб. +77021874338.

Директордың өндірістік тәжірибе                    Мурзагалиева Тлекші Гиндашевна,

жұмысы бойынша орынбасары:             ішкі тел. моб. 87013147789.

Директордың шаруашылық                    Баймуханова Света Сатлыковна,

жұмысы бойынша орынбасары:             моб. +7 7013956685.

Кітапхана меңгерушісі:                                    Нуралиева Ақжарқын Абиевна,

моб. +7 7014511367.

Оқу бөлімдерінің меңгерушісі:               Бақтыбаева Шаруфия Қашкынбаевна

                                                                  Моб. +7 7014988400.

Педагог – психолог:                                Исатаева Хатжан Макишовна,

моб. +7 7755504204.

Бас есепші:                                               Хибасова Тұрсынай Хожабаевна,

                                                                  Моб. +7 7083673352.

Жастар комитетінің                                           Базаров Нұржігіт, моб.

төрағасы                                                            87023826441.

Әдіскер:                                                             Алипбаева Бибинур Саттаровна,

моб. 87012423253.

Әдіскер:                                                    Озғанбаева Марияш Бегалиевна,

моб +7 7783305211.

Кадр бөлімінің меңгерушісі:                            Сарсенова Зоя Байдаулетовна,

моб. +7 7753101709.

 

Колледж мамандықтары

Мамандығы

Біліктілігі

Оқыту мерзімі

1

0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту                         

010101 3 – Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

2

0103000 – Дене тәрбиесі және спорт

010302 3 – Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

3

0105000 – Бастауыш білім беру

010501 3 – Бастауыш білім беру мұғалімі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

 

 

010502 3 – Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

 

 

010503 3 – Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

 

 

010504 3 – Өзін-өзін тану мұғалімі

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

4

0201000 - Құқықтану

020101 3 - Заңгер

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –

1 жыл 10 ай

 

 

020102 3 – Заңгер кеңесшісі

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –

1 жыл 10 ай

5

0507000 – Қонақ үй  шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру

050704 2 – Әкімшілік көмекшісі

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –10 ай

 

 

050706 3 – Қызмет көрсетуші менеджер

9 сынып. – 3 жыл  6 ай

11 сынып. – 2 жыл 6 ай

6

0511000 – Туризм (сала бойынша)

051104 3 – Менеджер

9 сынып. – 3 жыл  6 ай

11 сынып. – 2 жыл 6 ай

7

0512000 – Аударма ісі (түрі бойынша)

051201 3 – Аудармашы

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –

1 жыл 10 ай

8

0518000 –Есеп және аудит (сала бойынша)

051802 3 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –

1 жыл 10 ай

 

 

051803 3 – Экономист-бухгалтер

9 сынып. – 2 жыл  10 ай

11 сынып. –

1 жыл 10 ай

9

1304000 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

130404 3 – Техник-программист

9 сынып. – 3 жыл  10 ай

11 сынып. –

2 жыл 10 ай

 

Специальности колледжа

 

Специальность

Квалификация

Сроки обучения

1

0101000 – Дошкольное воспитание и обучение                                     

010101 3 – Воспитатель дошкольных организаций

9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

2

0103000 – Физическая культура и спорт

010302 3 – Учитель физической культуры и спорта

9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

3

0105000 – Начальное образование

010501 3 – Учитель начального образования

9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

 

 

010502 3 – Учитель информатики начального образования

 9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

 

 

010503 3 – Учитель иностранного языка начального образования

9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

 

 

010504 3 – Учитель самопознания

9 кл. – 3 года  10 месяцев

11 кл. – 2 года 10 месяцев

4

0201000 - Правоведение

020101 3 - Юрист

9 кл. – 2 года  10 месяцев

11 кл. – 1 год 10 месяцев

 

 

020102 3 - Юрисконсульт

9 кл. – 2 года  10 месяцев

11 кл. – 1 год 10 месяцев

5

0507000 – Организация обслуживания гостиничных хозяйств

050704 2 – Помощник администратора

9 кл. -   2 жыл 10 месяцев.

11 кл. – 10 месяцев

 

 

050706 3 – Менеджер по сервису

 9 кл.  - 3 жыл 6 ай.

11 кл.- 2 жыл 6 ай

6

0511000 – Туризм (по отраслям)

051104 3 – Менеджер

9 кл. – 3 года  6 месяцев

11 кл. – 2  года 6  месяцев

7

0512000 – Переводческое дело (по видам)

051201 3 – Переводчик

9 кл. – 2 года  10 месяцев

11 кл. – 1 год 10 месяцев

8

0518000 – Учет и аудит (по отраслям)

051802 3 – Бухгалтер-ревизор (аудитор)

 9 кл. – 2 года  10 месяцев

11 кл. – 1  год 10 месяцев

 

 

051803 3 – Экономист-бухгалтер

9 кл. – 2 года  10  месяцев

11 кл. – 1 год 10 месяцев

9

1304000 – Вычислительная техника и программное обеспечение (по видам)

130404 3 – Техник-программист

9 кл. – 3 года  10  месяцев

11 кл. – 2  года 10 месяцев

 

Оқу корпустары мен қажет кабинеттер, алаңдар

  1. Оқу ғимараты («Көктем» ш/а, ғимарат 2А),
  2. «Каспий» спорткомплексі («Көктем» ш/а, ғимарат 2А),(сырттан кіру)
  1. Интернет-залы 3 қабат, 300 кабинет.
  2. Акт залы: 5 қабат, 506 кабинет.
  3. Спорт алаңы: оқу ғимаратының сыртқы беті.
  4. Медициналық кабинет: 1 қабат.
  1. Буфет, асхана: оқу ғимаратының көше бетінде.
  1. Өндірістік полигондар: 1. б/б «Каспий» «Көктем» ш/а, ғимарат 2А, оқу ғимаратының сол жақ қанаты;
  2. «Спорт кешені» «Көктем» ш/а, ғимарат 2А, оқу ғимаратының сыртқы беті;
  3. «Каспий» зияткерлік мектеп-бақша, «Самал» шағын ауданы, 42/1 ғимараты.
  1. Әдістемелік кабинет: 2 қабат, 202 кабинет.
  1. Мұғалімдер бөлмесі: 4 қабат, 404 кабинет.
  1. Психолог кабинеті: 2 қабат, 204 кабинет.
  1. Директордың бөлмесі: 3 қабат, 305 кабинет.
  1. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары     3 қабат, 305 кабинет.
  1. Оқу бөлімдері меңгерушілерінің кабинеті    3 қабат.
  1. Директордың өндірістік жұмысыжөніндегі орынбасары    4 қабат, 401 кабинет.
  1. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары    5 қабат, 503 кабинет.
  1. «Жастар» ұйымы 5 қабат, 511 кабинет.
  1. Кітапхана, оқу залы 5 қабат.

  

Компьютер сыныптарының орналасуы

Кабинет аты

Кабинет номері

 

Оқу корпусы

 

1.

Мультимедиялық кабинет  интерактивтік тақтамен

№302, 3 қабат

оқу корпусы

 

 

2

Компьютер кабинеттері

№302, №312,

 

оқу корпусы

 

3

Интернет-кабинет

№300

 

 оқу корпусы

4

Видео  залы

№506

оқу корпусы

5

Лекция  залы  проектормен

№202,

оқу корпусы


ОҚУ  ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1 курстың академиялық  күнтізбесі

2016-2017 оқу жылы

КҮЗ 2016

30- тамыз

Конституция күні (демалыс)

1 қыркүйек

Құрбан  айт

02  қыркүйек 10.00

Жаңа оқу жылының салтанатты ашылуы |

01 қыркүйек – 30  желтоқсан

1- семестр

01.09.-  – 25  қазан

1-    аттестация тапсыру

26 қазан– 25 желтоқсан

2- аттестация  тапсыру

30 желтоқсан – 16 қаңтар

Қысқы демалыс

1,2 - қаңтар

Жаңа жыл (демалыс)

25 желтоқсан – 30 желтоқсан

Емтихан сессиясы

Жалпы оқу аптасы -  15

КӨКТЕМ 2017

16 қаңтар – 30 маусым

2 семестр

8- наурыз

Халықаралық әйелдер күні (демалыс)

17 қаңтар - 25 наурыз

3-аттестация тапсыру

26 наурыз – 25 мамыр

4 - аттестация тапсыру

21, 22, 23 наурыз

Наурыз мейрамы

18 маусым – 24 маусым

Емтихан  сессиясы

28 мамыр – 31 тамыз

Жазғы демалыс

1 - мамыр

Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 - мамыр

Отан қорғаушы күні (демалыс)

9 - мамыр

Жеңіс күні (демалыс)

Жалпы оқу аптасы – 18/20

 

 

Қоңырау кестесі  2016-2017 оқу жылы

 Күндіз оқитын студенттер үшін

І ауысым

1. 8.00 – 9.30

2. 9.40 –11.10

3. 11.30 – 13.00

4.13.10 – 14.40


СТУДЕНТТІК КҮНТІЗБЕ

Күз 2016

30- тамыз

Конституция күні (демалыс)

1 -қыркүйек

Құрбан  айт

2 - қыркүйек

Білім күні

27- қыркүйек

Халықаралық турист күні

1- қазан

Халықаралық  қарттар күні

5 -қазан

Мұғалімдер күні

24 -қазан

Халықаралық Біріккен Ұлттар Ұйымы күні

10 -қараша

Халықаралық жастар күні

17 -қараша

Халықаралық студенттер күні

Қыс 2016

1- желтоқсан

ҚР Бірінші Президент күні (демалыс)

16, 17 -желтоқсан

ҚР тәуелсіздік күні (демалыс)

1,2 -қаңтар

Жаңа жыл (демалыс)

14 -ақпан

Махаббат күні –Валентин күні

Көктем 2017

8- наурыз

Халықаралық әйелдер күні(демалыс)

21-23 -наурыз

Наурыз мерекесі (демалыс)

27 -наурыз

Халықаралық театр күні

7 -сәуір

Халықаралық денсаулық күні

12 -сәуір

Халықаралық  космонавтика және авиация

24 -сәуір

Халықаралық  жастар күні

1 -мамыр

Қазақстан халықтарының бірлігі күні (демалыс)

7 -мамыр

Отан қорғаушы күні (демалыс)

9 -мамыр

Жеңіс күні (демалыс)

Жаз 2017

1 -маусым

Халықаралық балаларды қорғау күні

5 -маусым

Қоршаған ортаны әлемдік қорғау күні

26 -маусым

Халықаралық наркоманияға және наркобизнеске қарсы күрес күні

 

 «КАСПИЙ» ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КОЛЛЕДЖІНІҢ ІШКІ  ТӘРТІБІНІҢ  ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН ҮЗІНДІ

 Ішкі тәртіп ережелерінің мақсаты – тәртіпті нығайтумен қатар, оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің демократиялығы мен ізгілендірілуін қамтамасыз ету, жұмыс пен оқуды дұрыс ұйымдастыру, жұмыс уақытын толық және тиімді пайдалану, оқу және тәрбие жұмыстарының сапасын арттыру.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру мен жүргізу тәртібі

Оқушыларды қабылдау ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен қабылдау ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдауды қабылдау комиссиясы белгіленген тәртіппен өткізеді. Колледждегі оқу сабақтары директор бекіткен оқу кестесі бойынша өткізіледі.

Оқу кестесі бір семестрге жасалып, оқу ғимаратының көрнекті жеріне оқу басталудан 1 апта бұрын ілініп қойылады.

Әр сабақ басталғанға дейін оқытушылар қажетті оқу құралдарын, аппаратураны, жабдықтар мен аспаптарды дайындап қояды.

Оқу сағатының ұзақтығы 90 минут деп белгіленді, сабақтар арасында 10 минуттық үзіліс, тек екінші пардан кейін 20 минуттық үзіліс.

Әр сабақтың басталуы жөнінде оқытушылар мен оқушылар екі қоңыраумен құлақтандырылады - ескерту (оқу басталуына 2 минут қалғанда) және екіншісі – оқудың басталғандығы туралы.

Сабақ аяқталғанда қоңырау 1 рет соғылады.

Оқу басталып кеткеннен кейін сабаққа кіруге үзіліске дейін рұқсат етілмейді.

Бөгде келушілер сабаққа директордың не оның оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен қатыса алады.

Сабақ кезінде оқытушыларға олардың жұмысы жөнінде ескерту жасалуға ешкімге рұқсат етілмейді.

Барлық оқу және оқу-өндірістік бөлмелердегі тазалық пен тәртіпті директордың шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасары қамтамасыз етеді.

Әр оқу тобына директордың бұйрығымен оқу жылына топ басшысы тағайындалады.

Оқу орындарындағы басқаруды демократияландырудың жаңа тенденцияларына сәйкес төраға басқарған топ кеңестері сайлана алады. Күндізгі бөлімнің топ кеңесі топ жетекшісімен бірге сабақтарда тәртіп пен жұмыс атмосферасы болуына жауап береді.

Топ басшысы (оқушылар кеңесінің төрағасы) міндеттері:

Топ басшысына топта оқу-тәрбие жұмысын орындауды қадағалау міндеті тапсырылады.

  • топтағы үлгерім мен сабаққа қатысты бақылау;
  • тәртіп орнату, топ оқушыларына оқулықтар мен оқу құралдарын уақытында тарату, түрлі шараларды ұйымдастыру мен өткізу.

Әр оқу тобына белгіленген формадаға оқу сабақтарының журналы жүргізіледі. Журнал оқу бөлімінде сақталады және топта сабақ өтетін оқытушыға немесе топ басшысына беріледі.

Оқу тобының әр оқушысының міндеттері:

  • теориялық білім мен практикалық дағдыны игеру;
  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау; оқытушының барлық тапсырмаларын өз бетімен орындай білу;
  • компьютерлік техниканы, компьютерлік қамту бағдарламаларын, Интернетке шығуды жетік білу; қоғамдық-пайдалы еңбекке, ұжымның қоғамдық өмірде өзіне-өзі қызмет көрсетуіне қатысу;
  • өз бетімен білім алу мен жүйелі түрде айналысу, кітапханаға, оқу залына, колледждің электрондық кітапханасына үнемі барып тұру;
  • ақыл-ой, мәдени, спорттық, қоғамдық сипаттағы түрлі сайыстарға, жарыстарға, олимпиадаларға және басқа шараларға қатысу;
  • тәртіпті, сыпайы болу, оқытушылар аудиторияға кіргенде орындарынан тұру, оқу орнының оқытушылары және қызметкерлерімен бірінші амандасу, таза киіну;
  • колледж ішіңде оқу орнына лайықты классикалық үлгідегі киім кию:

Қыздар – жыл мезгілінің жылы айларында көк, қара, сұры,  түстегі сарафан, бір түстегі кофта киеді; сарафанның немесе юбканың ұзындылығы тізеден

5-7 см. – ден жоғары болмауы керек. Жыл мезгілінің салқын кездері: классикалық үлгідегі костюм, шалбар киюге болады.

Ұлдар – классикалық үлгідегі костюм, бір түстегі жеде киеді.

Түрлі діни ағымдарының киім үлгілерін, соның ішінде «хиджаб» киюге, сақал жіберуге, оқу процесі кезінде мешітке баруға рұқсат берілмейді.

  • оқу орнында, сонымен қатар өндірістік практика кезінде ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
  • колледж меншігіне ұқыпты қарау;
  • сабаққа қажетті оқу құралдарымен келу.

Жасы 18 – ге толмаған оқушыға кешкі мезгілде сағат 23 – ден кейін көшеде, кафе- барларда жүруге болмайды.

Колледж ішінде, қоғамдық орындарда тәртіп бұзған, ішкі тәртіп ережелеріне бағынбаған, ішімдік ішкен, темекі тартқан оқушыларға т.б. тәртіпсіздік көрсеткен оқушыларға Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес тәртіптік шара қолданылады.

Оқушыларды, қоғамдық жұмыстарды орындау үшін, сабақтан босату директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының рұқсатымен жүргізіледі.

Ауырып қалуы не басқа жағдайларда сабақтан себепті қалса, оқушы 3 күн ішінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына, бөлім меңгерушісіне не топ жетекшісіне хабарлауға, кейін қалған күндерін өтеуге міндетті.

Бәр семестр бойынша барлығы 48 сағат жіберген бюджет бөлімінің оқушысына стипендия төленбейді.

Колледжде оқып жүрген жасы 18 – ге толмаған оқушы үйленген немесе тұрмысқа шыққан жағдайда кешкі мектепке ауыстырылады.

Жақсы үлгерімі, өндірістік оқудағы жоғары көрсеткіштері, үлгілі тәртібі мен қоғамдық жұмыстарға белсенділігі үшін оқушыларға төмендегі марапаттаулар белгіленеді:

  • алғыс;
  • Құрмет кітабына, Құрмет тақтасына енгізу;
  • мақтау қағазы;
  • бағалы сыйлық, ақшалай сыйлық.

Марапаттауды оқу орнының әкімшілігі педагогикалық кеңеспен, басқа қоғамдық ұйымдармен келісе отырып жүзеге асырады.

Оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін оқушыларға төмендегі тәртіптік жазалау шаралары қолданыла алады:

а) ескерту (оқытушы не топ жетекшісі жасайды);

ә) тәртібі бойынша бағасын төмендету (семестр аяғында топ жетекшісі белгілейді);

б) сөгіс (директор бұйрығымен хабарланады);

в) оқу орнынан шығару.

Оқушыны оқу орнынан шығару, сонымен қатар қайта қабылдау директор бұйрығымен жүргізіледі. Үлгермеуі, оқу тәртібін, ішкі тәртіп ережелерін бұзғандығы үшін, сонымен қатар жеке жағдайларда оқудан шығару, оқушыларды оқуға қайта қабылдау оқу орнында оқу орнының педагогикалық кеңесінде талқыланғаннан кейін, қоғамдық ұйымдар пікірін ескере отырып жүргізіледі.

Басқа оқу орнынан бюджет бөлімінен колледжге аусып келген оқушы бірінші оқу жылы ақылы бөлімге қабылданады, содан кейін үздік үлгеріміне, қоғамдық көпшілік шараларға белсенді араласуына байланысты, облыстық білім басқармасының рұқсатымен, бюджет бөліміне ауыса алады.

Оқу бөлмелеріндегі тәртіп

Оқу бөлмелеріндегі жақсы жабдықталу (оқу жиһаздарының, жабдықтардың жөнділігі, тазалық пен қалыпты температура, жөнді жарықтандыру) үшін директордың әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары мен комендант жауап береді.

Зертханалар, дәрісханалар жабдықтарының ақаусызығы, оқу материалдарын сабаққа дайындау үшін  дәрісхана және зертхана меңгерушілері жауап береді.

Оқу орны бөлмелерінде төмендегілерге тыйым салынады:

  • сырт киіммен, бас киіммен, лайықсыз киіммен жүру;
  • арналмаған жерлерде темекі тарту.

Оқу дәрісханаларында, шеберханалар мен зертханаларда еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулар ілінуі керек.

Барлық оқу бөлмелерінің кілттері колледждің рұқсат қағаз (пропуск) бойынша кезекшісінде сақталып, директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары не комендант белгілеген тізім бойынша берілуі керек.

Директордың, оның орынбасарлары мен бөлім меңгерушілерінің оқушылар мен келушілерді қабылдау уақыты регламентке сәйкес белігіленеді.

   

Колледж  студенттерінің өзін-өзі ұстауының этикалық принциптері

 Өзара сыйластық. Студент басқа студенттердің, оқытушылардың және колледж әкімшілігінің тұлғасын және олардың ойы мен көзқарастарын құрметтеуге тиіс. Ол жоғары іскери және жалпы мәдениетті ұстануға, колледжде қоршаған адамдарға қатысты әдептілік, ұстамдылық, биязылық танытуы тиіс. Қажет болса, оларға моральді түрде демеу беруге тиіс.

Қайырымдылық. Студент басқа студенттермен, оқытушылармен, колледж қызметкерлері және басшылармен қарым-қатынас жасауда сыпайы және кішіпейіл болуы керек.

Тиянақтылық. Студент оқуда жоғары нәтижелерге ие болуы үшін қолынан келгеннің бәрін жасауға тиіс. Бұл үшін ол барлық пәндерді оқуға өте үлкен жауапкершілікпен қарауы керек: лекциялар мен  семинарларға қосымша курстарға қатысуы, семиналарға дайындалуы, кітапханаларға баруы, колледж ұйымдастыратын  конференциялар мен басқа да білім берушілік, мәдени және спорттық іс-шаралардың бәріне қатысуы қажет.

Ол оқытушылардың және жетекшінің тапсырмаларын уақытында орындауға, баяндамалар, курстық және дипломдық жұмыстарды, сынақ және емтихандарды тапсыруы тиіс. Біреудің еңбегін ұрлау, ұстазды алдау және сабақ, сынақ, емтихан үстінде көшіру сынды іс-әрекет осы принципке түбегейлі қарама-қайшы болып табылады.

Тәртіптілік. Студенттің біреудің мүлкін ұрлауы, колледжге ішімдік ішіп келуі, ғимараттың ішінде және ғимаратқа кіретін жерде шылым шегуі, сабақ уақытында сыныпта және дәлізде, кітапхананың оқу залында жұмыс жасауға кедергі келтіруі сабақ уақытында, кітапханада ұялы телефонмен сөйлесуі сынды әрекеттер бұл принципке қарама-қайшы келеді.

Ұқыптылық. Студент сабаққа уақытымен келуі тиіс, оқудан қалу тек себепті ауырып қалған жағдайда, егер қолында ауырғандығын дәлелдейтін анықтама қағазы болған жағдайларда ғана немесе төтенше жағдайлар болған кезде мүмкін.

Белсенділік. Студент колледждің білім алу, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысуы керек.

Өзара көмек көрсету егер оқуда қиын жағдай туындап тұрса басқа студенттерге қолынан келгенше көмек көрсетуі тиіс.

Мұқияттылық. Студент колледждің мүлкіне және материялдық-техникалық жабдықтарына ұқыптылықпен қарауы керек, колледждің кітапханалық қорын ұқыпты пайдалануы тиіс.

Жауапкершілік. Студент осы Кодекстің өзін-өзі ұстау принциптерін ұстануы үшін жауапты, осыған орай оны орындауға барлық қажет шараларды қолдануға міндетті.

Жеке жауапкершілік принципіне сай колледж басшылығы өзін-өзі ұстау нормаларын бұзған студенттерге қатысты тәртіп бұзушылықтың түріне қарай төмендегідей санкцияларды қолдануға құқылы:

  • ескерту;
  • сөгіс;
  • жеке іс парағына енгізілетін қатаң сөгіс;
  • айыппұл;
  • колледжден шығару.

 

Сабақтан тыс уақытта колледж ішінде қандай үйірмелерге, секцияларға қатысуға мүмкіндік бар

Спорттық секциялар мен үйірмелердің атаулары

Өткізу

мерзімі

Студент саны

Жауапты тұлғалар

1

Волейбол

Сейсенбі, бейсенбі

42

Салимжан Нуртас

2

Мини-футбол

сейсенбі, бейсенбі

24

Ильясов М.И.

3

Баскетбол

дүйсенбі, жұма

48

Муханов Р.Ж.

4

Жеңіл  атлетика

жұма, сенбі

16

Ильясов М.И.

5

Тоғызқұмалақ

сәрсенбі, сенбі

18

Куанышов О.М.

6

Үстел теннисі

дүйсенбі, бейсенбі

18

Комектесова У.

7

Ат спорты

дүйсенбі, сәрсенбі, жұма

20

Иламанов Д.С.

8

Шахматтар мен  шашка

дүйсенбі, жұма

16

Куанышов О.М.

9

«Шаттық» би үйірмесі

бейсенбі, жұма

12

Толегенова Г.Е.

10

Мәнерлеп оқу үйірмесі

бейсенбі

23

Бурабаева Н.Б. Суюбаева Г.Т.

11

Драма үйірмесі

бейсенбі, жұма

14

Тасқынбаева Т.М.

Идирисова А.

 

ҚҰРМЕТТІ СТУДЕНТ!

СЕН КОЛЛЕДЖ БЕН МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДА

ҚАТЕЛЕСКЕН ЖОҚСЫҢ!

"КАСПИЙ" ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

Сенің болашақтағы шығармашылық қабілеттеріңнің жүзеге асуы оқу үдерісіне белсенді ат салысуыңа, сапалы білім алуыңа байланысты.

Оқуда жетістікке жетуіңе, студенттік өміріңнің көңілді өтуіне және болашағыңның жарқын болуына тілектеспіз!