foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Негізгі мәзір

Қосымша мәзір

 

"Каспий" колледжінің озат тәжірибелі оқытушылары

 

Хайруллаева Алия Базарбаевна

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде педагогика және психология пәні оқытушысы.

1986 жылы Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Ақтау қаласындағы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті Ақтау филиалына 2004 жылы оқуға түсіп, 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, Педагогика институтының толық курсын «Педагогика және психология» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты.

2008 жылы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетіне «Педагогика және Психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, 2011 жылы осы аталған университеттің «Педагогика және психология» магистратурасын бітіріп шықты. Академиялық дәрежесі: Педагогика ғылымының магистрі.

2011 жылы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде өз еңбек жолын бастаған. Педагогика және психология пәнінің оқытушысы.

Мақсаты:

Жаңа педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, студенттердің дүниетанымының шеңбері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Алдына қойған проблемасы:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың іздемпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Шығармашылық тақырыбы:

Сапалы білім беруде жаңа технологияның әдіс тәсілдерін тиімді пайдалана отырып, оқушылардың ізденімпаздық, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ата-ана, мұғалім және оқушы арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, білім сапасын арттыру. Оның ішінде:

  1. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының тиімді әдістерін пайдалану арқылы білімге деген қызығушылығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өз ойын еркін айтуға мүмкіндік жасай алатын орта туғазу.
  2. Оқушы жүрегіне жол табу арқылы сабақтардың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу. Оқушыларды тек берілген мәліметті тыңдаушы емес ізденуші, зерттеуші өз ойын еркін дәлелдей алатын, пікірін ортаға сала білетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушының бойындағы ынта ықыласын жойып алмай, жеке дара қабілетінің дамуына мүмкіндік жасай отырып, қабілетін дамытып, шығармашылығын шыңдау.
  3. Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке, жұпта, топта жұмыс істеу барысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыртастыру, оқушылардың ойына ерекше құрметпен қарау. Оқушыларды өзін-өзі қадағалай алатын, іс-әрекетін ретімен орындап, өзін-өзі жетілдірентін шығармашыл, ізденімпаз тұлға қалыптастыру.

Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын оның ерте замандағы ата-бабалар салт- дәстүрлерімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Сондықтанда мен, сабақтарда интерактивті оқыту технологиясын, үш өлшемді оқыту, СТО технологияларын қолданып отырады.

Мұғалім-ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді  үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші  психолог екені  сөзсіз. Педагогикалық өтілі: 6 жыл 2 ай.

Осы жылдар ішінде  ұстаздық еңбек жолында көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ:

2012-2013 оқу жылында «Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану – сапалы білім негізі» атты облыстық семинарда дуалдық оқыту жүйесі бойынша 1 МДТ – 12 бб тобына тәжірибелік сабақ өткізіп жоғары бағаға ие болды.

2013-2014 оқу жылында Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Маңғыстау облысының білім жүйесіндегі шығармашылық еңбегі және жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі табыстары үшін» Алғыс хатпен марапатталды.

         «Түлектерді жұмысқа орналастыру негізі – болашақ маманддықтың кәсіби құзіретін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинарда 2 МДТ – 12 бб тобына онлайн сабақ өткізді.

Колледжшілік өткізілген «Үздік педагог» байқауында «Іздемпаз ұстаз» номинациясын иеленді.

2013-2014 оқу жылында «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің ұйымдастырумен өткен «Үздік топ жетекшісі – 2014» байқауында жүлделі І-орынды иеленді.

201-2015 оқу жылында «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің ұйымдастырылуымен өткен «Үздік кабинет-2015» байқауында жүлделі І – орынды иеленді.

Колледжшілік «Оқытушылардың біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау мақсатында 2014-2015 оқу жылында оқытушылар арасында өткізілген рейтингінің» нәтижесінде І-орынды иеленді.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы ҰЛТТЫҚ СЕРТИФИКАТ «Специалист года-2015» атағына ие болды.

Колледжшілік «Үздік топ жетекшісі – 2016» байқауында «Бас жүлде» иеленді.

Педагогикалық қызметімнің нәтижелері:

  1. Педагогика ғылымының магистрі (Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті 2011жыл).
  2. «Тіл сарбазы» қалалық сайыс 3-орын, Жаңаөзен-2011 жыл.
  3. Колледжішілік «Жас маман» сайысы 2-орын, Жаңаөзен-2011 жыл.
  4. «Тіл сарбазы» қалалық сайыс 2-орын, Жаңаөзен-2012 жыл.
  5. Сертификат «Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану – сапалы білім негізі» атты облыстық семинарда іс-тәжірибесі насихатталғаны үшін. (Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, Ақтау-2013).
  6. Колледжішілік «Үздік кабинет» байқауы 3-орын, Жаңаөзен-2013 жыл.
  7. Колледжішілік «Үздік педагог» байқауы «Ізденімпаз» номинация, Жаңаөзен-2013 жыл.
  8. Колледжішілік «Үздік топ жетекшісі - 2014» байқауында І орын.
  9. Алғыс Маңғыстау облысының білім басқармасы, 2014 жыл.
  10. Колледжішілік «Ең үздік топ жетекшісі-2014» байқауы 1-орын, Жаңаөзен -2014 жыл.
  11. Сертификат «Түлектерді жұмысқа орналастыру негізі – болашақ мамандықтың кәсіби құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы облыстық семинарда іс-тәжірибесін насихаттағаны үшін (Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, Ақтау-2014).
  12. Сертификат Колледжішілік «Оқытушылардың біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау мақсатында 2013-2014 оқу жылында оқытушылар арасында өткізілген рейтингінің» нәтижесінде 2-орын, Жаңаөзен-2014 жыл.
  13. Колледжішілік «Үздік кабинет-2015» байқауы 1 орын, Жаңаөзен-2015 жыл.
  14. Алғыс «Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың заманауи әдіс-тәсілдері» секциясында үздік баяндама ұсынғаны үшін.(Маңғыстау облысының білім басқармасы, Ақтау-2015 жыл).
  15. Колледжішілік «Ең үздік топ жетекшісі-2015» байқауы 2-орын, Жаңаөзен-2015 жыл.
  16. Алғыс «Кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның «Техникалық және кәсіптік оқу орындарында білім берудегі дуальдік жүйемен оқытудың әдістемелері» секциясында үздік баяндама ұсынғаны үшін (Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті, Ақтау-2015).
  17. Сертификат «Жаңа ғасырға қадам басқан жаңа Қазақстан» атты Жаңаөзен қалалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, Жаңаөзен-2015 жыл.
  18. Колледжшілік «Үздік топ жетекшісі – 2016» байқауында «Бас жүлде» иелендім.
  19. 2015-2016 оқу жылында ҰЛТТЫҚ СЕРТИФИКАТ «Специалист года-2015» марапатталды.
  20. «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйісін жаңарту жағдайында педагог кадрларды дайындау» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Үздік ғылыми баяндама» дайндағаным үшін арнайы диплом және сертификатпен марапатталды.
  21. 2016-2017 оқу жылы Маңғыстау облысының білім басқарамасы Құрмет грамотасы.
  22. Диплом «Жас талапкер» номинациясы 25.01.2017ж. (Маңғыстау облысының білім басқарамасы) «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасындағы облыстық шебер-сынып байқауында.
  23. Алғыс хат«УНИВЕРСИАДА-2017» байқауында балаларға салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық, логикалық қабілеттерін дамытуға қосқан үлесіңіз үшін. (Білім беру-әдістемелік орталығы «New Opportunities» ЖШС).

Алматы қаласында өткен 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға орай жалпы орта білім беретін мектеп, техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың білім алушыларына арналған қашықтықтан өткізілген.

Астана қаласы, ақпан 2017 ж.

Жасақтаған оқу әдістемелік құралдарым:

  1. «Орта буындағы менеджерлердің кәсиби әрекетінің тиімділігіне топ ынтымақтастығының әсері» оқу-әдістемелік құрал, Ақтау – 2012 жыл.
  2. «Психология» пәнінен лекциялар жинағы (І, ІІ курс студентеріне арналған) 2012-2013 оқу жылы.
  3. «Педагогика» пәнінен лекциялар жинағы (І, ІІ, III, IV курс студенттеріне арналған) 2012-2013 оқу жылы.
  4. «Психологиялық тренингтер» жинағы, 2015 жыл.
  5. «Психология» пәнінен электронды оқулық, Ақтау – 2017 жыл

 

 

Ильясов Максат Имамединович

Туылған жылы: 24.07.1970 ж.

Білімі және дипломы бойынша мамандығы: жоғары, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.

Лауазымы: Дене тәрбиесі пәнінәің мұғалімі.

Педагогикалық еңбек өтілі: 23 жыл 5 ай,

Категориясы: Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының 2014 жыл 26 наурыздағы № 02-08/4 Бұйрығына сәйкес «Біліктілігі жоғары дейгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-әдіскер» санаты берілді.

Біліктілігін аттыру:12.2009ж. Алматы қаласы «Қазақтың  спорт және туризм академиясы» Куәлік № 11

6Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министірлігі Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің 19.04.2013жыл. Сертификат № 0890

21-26 сәуір 2008 жыл. Маңғыстау облыстық білімін жетілдіру иниституты. Тақырыбы: Тоғыз құмалақ ойынын үйрету әдістері және спорт ойындарына төрешілік ету. Куәлік № 4533

Аттестациялану кезеңінде оқу-әдістемелік жұмысы: Қалалық семинар сабақтарға қатысып, семинар сабақ өткізіп, баяндама оқып, қаламыздағы спорт мектептің спортшыларын жетістікке жетелеп, спорт саласында жоғары жетістікке жетуге үлес қосты және Республикамыздың спорт мектептерімен іс-тәжірибе алмасты.

Шығармашылық тақырыбы: «Баскетбол ойыны әдіс-тәсілдерін және әдістемесін үйрету».

 

Озганбаева Марияш Бегалиевна

1966 жылы 11 қаңтарында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында дүниеге келген. Еңбек жолына – 32 жыл. Білімі жоғары, біліктілік санаты жоғары, бірінші (ілгері) деңгей мұғалімі.

1984 жылдың 01 қыркүйегінен  2000 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі, 2000 жылдан 2016 жылға дейін мектеп басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап осы колледжде бастауыш білім берудің арнайы пән оқытушысы.  

Марияш Бегаливна 32 жылдық еңбек жолында «Жыл мұғалімі», облыстық панаромалық сабақ, республикалық, халықаралық интернет  сайыстарға қатысып жүлделі, ІІ,ІІІ орындарға ие болып отырды.

Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші ( ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.

Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің облыстағы білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің комиссия мүшесі.

Қалалық білім бөлімінің, Облыстық бақылау департаментінің  «Құрмет грамотасымен», Облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.