foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Негізгі мәзір

Қосымша мәзір

 

 Кітапхана

1.Колледж кітапханасының оқу залында 2016 жылдың 25 қарашасы күні 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсідігіне 25  жыл толуына орай «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесінің мақсаты еліміздің сан жылдар бойы аңсаған Егемендікке қол жеткізуі еді, бұл біздің ата-бабамыздың білектің күші мен, найзаның ұшымен шайқасып келер ұрпақа  біз қазақпыз деген ұраны болатын. Соның жалғасы 1986 жылғы 16 желтоқсандағы көтеріліс Егеменді ел болатынымызды айқындап берді.Егемендік Қазақ халқына оңайлықпен келмегендігін жастарға және келер ұрпақа дәріптеу мақсатында кітап көрмесіне Тәуелсіздік алған жылдардан бастап жеткен жетістіктері туралы  Тәуелсіздік шежіресі  стенд жасалынды және Қазақ батырлары, жадымызда жаңғырады желтоқсан, Қазақ ғұламалары, жергілікті ақын жазушылары, өнер жұлдыздар ,спорт жетістіктері,ел тәуелсіздігі-ұлы мұрат,Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті атты жеке-жеке бөліктерге бөлініп кітаптар қойылды. Кітап көрмесі колледж қызметкерлері студенттері және де облыстық  әдістемелік кабинетен қала колледжерінен келген қонақтар , қалалық білім бөлімінен келген қонақтар, қалалық  жастар ұйымынан,мешіттен келген имамдарға таныстырылды.

2.Кітапхананың оқу залында «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына» арналған қалалық деңгейде кітап көрмесі өткізілді. Кітап көрмесі 01-10.12.2016 ж күндері аралығында өтті.  Көрмеге колледж студенттері, оқытушылар, қала мектептерінен және Жаңаөзен қалалық білім бөлімі мен Обылыстық білім басқармасы мамандары қатысты.

3.Колледж кітапханасында 07.02.2017. ж күні Қазақтың Ұлы ғұламасы Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай «Абай және әлемдік өркениет» атты студенттер арасында конференция өтті. «Абайдың шығармалары- халқымыздың мәңгілік рухани азығы» Тақырыбында баяндама оқыған қазақ тілі, әдебиеті пәні оқытушысы Назгүл Бурабаева Абай шығармашылығының мән –мазмунына тоқталды.

4.Колледж кітапхана оқу залында  13.02.2017 ж күні «Өзін-өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваға арналған «Мейрімін төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне колледж студенттері, оқытушылары қатысты. Мақсаты: Жастар бойында мейрімділік- адам бойындағы игі қасиеттердің бірі екенін, мейрімділік- адамның жүрегі арқылы көрінетін сезім екенін ұғындыру.Ата-ана қашанда балаларына « мейрімді, бауырмал болыңдар» деп үйретеді. Бұл қасиетті әркім әрқалай түсінеді. Қазіргі кезде ата-анасын қарттар үйіне апарып тастаған балалардың, баласын туа сала әжетханағ тастаған көкек аналардың, жетімдерді шырылдатып балалар үйіне тастаған ата-аналардың көбеюі жүрек сыздатады. Сондықтан студент жастарды мейрімділікке тәрбиелеу үлкен маңызды мәселе.

5.Кітапхананың оқу залында 2017 жылдың 31  мамыры күні «Саяси қуғын- сүргін құрбандарын  еске алу» күніне орай «Ақықатқа айналған ата-баба арманы» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қазақта ежелден жесірін жаудан, елін  өзгеден, қызын күңдіктен, ұлын құлдықтан қорғаған батырлары көп болған. Сонау заманда Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай сынды батыр бабаларымыздан басталатын ерлік істер кешегі желтоқсан оқығасына жалғасты. «Туады  ерлер  ел үшін, Өлмейді  ісі мәңгілік. Өшпейді  абзал есімдер, ұрпаққа жетіп мәңгілік » деп ақын ағамыз Жұбан Молдағалиев жырлағандай ер есімдері ел есінді мәңгілік сақталады жасапаз ұрпағы тұрғанда деп колледж директоры Исенбай Қалдаманов сөйледі.

6.Колледж Кітапханасының оқу залында 2017 жылдың 14 сәуір күні «Интернет орнына кітап» тақырыбында бір күндік оқу акциясы өткізілді. Акцияға колледж оқытушылары мен топ студенттері қатысты. Аталған  акцияға қатысушы оқырмандар ұялы телефондарындағы және компьютер мен интернет желілерін пайдаланбай - ақ көркем әдебиеттерді, газет-журналдарды  және пәндерге арналған кітаптарды пайдаланды.

Акцияға қатысқан топтар

  1. 1БББ-16 б/б
  2. 2ӨТМ-16 б/б
  3. 1МДТ-16 б/б
  4. 2МДТ-15 б/б
  5. 2БББ-15 б/б
  6. 3БББ – 14 б/б с/о

 

Кітапхана меңгерушсі:  Нуралиева Акжаркын Абиқызы