Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі - Колледж әкімшілігі

foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Негізгі мәзір

Қосымша мәзір

 

Колледж әкімшілігі

 

 

Қалдаманов Исенбай  Абиевич – колледж директоры

 

  • Аты-жөні:  Қалдаманов Исенбай  Абиевич
  • Туған күні, айы, жылы: 10.05.1968 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, Теңге кенті, А.Жұбанов к/сі, 44 А үй.
  • Білімі: Жоғары, Нөкіс мемлекеттік университеті
  • Мамандығы: тарих  пәні мұғалімі
  • Педагогика-философия саласы бойынша (PhD) докторы
  • Еңбек өтілі: 25 жыл
  • 1992-1995 ж. Түркменстан Республикасы Ташауз қаласындағы № 90 орта мектепте тарих пәнінің оқытушысы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • 1996-1998 ж. Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектепте тарих пәні мұғалімі   
  • 1998-2000 ж. Жаңаөзен қаласындағы №6 орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
  • 2000 жылдың қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық педтехнологиялар орталығында тәрбие жұмысының бас маманы қызметіне ауысты.
  • 2000-2005 ж. №3 Жаңаөзен кәсіптік-техникалық мектептің директоры
  • 2005-2007 ж. кәсіпкер ретінде тіркеліп, ЖШС «Айдана және К» мекемесін басқарып, құрылыс, халыққа қызмет көрсету жұмыстарымен айналысты
  • 2008 жылдан бастап Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары
  • 2008 жылдың тамыз айынан бастап ЖШС «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің ашылуына жұмыстанып, қазіргі таңда колледж директоры  қызметін атқаруда.
  • 2010 жылы  колледж жанынан балабақша, 2017 жылы зияткерлік мектеп-бақша мекемесін ашты.

Марапаттары:

  • 2015 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс» хатымен, 2015 жылы ҚР КВН Одағы  «Алғыс» хатымен, 2016 жылы Республикалық Ұлттық бизнес рейтингі орталығының «Сала көшбасшысы 2016» төсбелгісімен марапатталады.
  • 2016 жылы «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының «Алғыс» хатымен , 2016 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталады.
  • 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру ісінің Үздігі» атағына ие болды.
  • 2016 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша «Жыл адамы -2016», «Жылдың үздік кәсіпкері» атағы.

 

Әби  Гүлсім  Әбиқызы – директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары

  • Аты-жөні:  Әби Гүлсім Әбиқызы
  • Туған күні, айы, жылы: 25.09.1963 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, 4ш/а,22 үй,49 пәтер
  • Білімі: Жоғары, Т.Г. Шевченко атындағы Нөкіс мемлекеттік университеті
  • Мамандығы: математика пәні мұғалімі
  • Қазақ  ұлттық техникалық университеті
  • Мамандығы:  инженер-экономист
  • Педагогикалық өтілі: 32 жыл
  • 1985-1990 ж. математика пәні мұғалімі,
  • 1990-2000 ж. Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектепте директордың  оқу ісі жөніндегі орынбасары,
  • 2000-2003 ж. «Қайнар» университетінің Ақтау қаласындағы филиалында математика пәні оқытушысы,
  • 2003-2010 ж. Жаңаөзен қаласындағы  №2 орта мектепте және №5 гимназия мектебінде мектеп  директоры,
  • 2010-2017 ж. Жаңаөзен қаласындағы  ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары.

Марапаттары:

  • 1998 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен,
  • 2008 жылы «Жаңаөзен қаласына 40 жыл» медалімен,
  • 2014 жылы Маңғыстау облыстық білім басқармасының
  •  «Құрмет» грамотасымен,
  • 2015 жылы Қазақстан Республикасының  Ұлттық Бизнес-Рейтинг орталығының «Кәсіби саладағы сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Әмірбекова Гүлшат Сайынқызы – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Аты-жөні: Әмірбекова Гүлшат Сайынқызы
  • Туған күні, айы, жылы: 21.08.1982 жыл
  • Мекен-жайы:  Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 4ш/а, 39 үй, 46 пәтер
  • Білімі:   Жоғары – Ш.Есенов атындағы Акт ГУ
  • Мамандығы: биология пәні мұғалімі
  • Педагогикалық өтілі: 15 жыл
  • 2002-2010 ж. №1 Т.Әлиев атындағы орта мектепте биология пәні мұғалімі
  • 2011-2013 ж. Жаңаөзен қаласындағы ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде биология пәні мұғалімі             
  • 2013-2017 ж. Жаңаөзен қаласындағы ЖШС «Каспий» педагогика  және салалық  технологиялар колледжінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

   Марапаттары:

  • - 2012-2013 оқу жылында қала көлемінде Жаңаөзен жаршысы газетіне «Ауылым алтын бесігім» атты мақала жарияланды.
  • - 2012 -2013 оқу жылында  студенті «Қазақстандық жастар: толеранттылық және конфессияаралық диалог арқылы өзара түсіністік пен ынтымақтастыққа қол жеткізу» атты облыстық ғылыми – практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін Жаумитбаева Гульбаршин І дәрежелі дипломмен марапатталған. 
  • - 2012-2013 оқу жылында колледжішілік «Тілдер апталығында»  «Ана тілім – жүрек үнім», 8 наурыз халықаралық әйелдер мейрамына орай өткізілген «Ару Ана»  тақырыбындағы ашық тәрбие  сағатттары «жоғары деңгейде өтті» деп бағаланды.
  • - 2013-2014 оқу жылында № 3 санында Республикалық деңгейде «Биология және салауаттылық негізі»  ғылыми – педагогикалық журналына «Деңгейлеп оқыту технологиясы» тақырыбында ашық сабағы жарияланды.
  • - 2013-2014 оқу жылында колледжішілік  ұстаздар күніне ұйымдастырылған «Ұстаз аты биік, әрі мәңгілік!» атты мерекелік сайыста І орынға ие болды.
  • - 2013-2014 оқу жылында Республикалық деңгейде «Биология және салауаттылық негізі»  ғылыми – педагогикалық журналына «Аралас сабақ» тақырыбында  ашық сабағы жарияланды.
  • - 2013-2014 оқу жылында қала көлемінде Жаңаөзен газетіне «Ел тірегі – дені сау, білімді ұрпақ» атты мақала жарияланды.
  • - 2013-2014 оқу жылында Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу - әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Оқушы білімін бақылауда интерактивті тақта мүмкіндіктерін пайдалану» тақырыбындағы облыстық семинар өткізіліп, «Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «өте жақсы » деп бағаландым. Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясында дарынды жастармен ғылыми жұмыс өткізгені үшін  «Алғыс хат» марапатталды. 
  • - 2013-2014 оқу жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясына баяндамасын ұсынғаны үшін Джаманова Махаббат «Құрмет грамотасы» марапатталды.
  • - 2013-2014 оқу жылы Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының ХІV Маңғыстау облыстық ғылыми – практикалық конференциясына баяндамасын ұсынғаны үшін Атаева Айнұр «Құрмет грамотасы» марапатталды.
  • - 2011-2012, 2012-2013, 2013 – 2014 оқу жылдарында биология пәнінен «Адамның шығу тегі», «Прокариоттар», «Жасушадағы зат алмасу», «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында өткізілген ашық сабақтары жоғары дәрежеде өтіп  «өте жақсы » деп бағаланды.
  • - 2013-2014 жылы колледжішілік «Ең үздік топ жетекшісі 2014» байқауында  ІІ орынға ие болдым. Өткізген ашық сабақтар мен тәрбие сағаттарымды үнемі газет – журналдар мен интернет журналдарына жариялап отырамын. «Детство – «веб – порталының»  администраторы  Л. Мананникованың атынан куәліктерін алды.
  • - 2014-2015 оқу жылында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Маңғыста у облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинетінің қатысуымен өткен облыстық семинарда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Бабалар салған ұлы жол» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп «өте жақсы » деп бағаланды.
  • - 2015-2016 оқу жылында Маңғыстау облысы білім басқармасы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу – әдістемелік кабинетінің қатысуымен өткен облыстық семинарда  1 БББ тобында «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында ашық сабақ өткізіп «өте жақсы» деп бағаланды.
  • - 2015-2016 оқу жылында «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайында педагог кадрларды дайындау» атты облыстық ғылыми- практикалық конференция жұмысына белсене қатысып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға қосқан озық идеялары үшін сертификат беріліді.
  • - 2015-2016 оқу жылында № 18135  «тарбие. Ұстаздар сайтында «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы алғашқы көзқарастар» тақырыбында ашық сабақ авторлық материалы жарияланды.
  • - 2015-2016 оқу жылында № 18137  «тарбие. Ұстаздар сайтында «Теңге – мемлекет келбеті» тақырыбында тәрбие сағаты авторлық материалы жарияланды.
  • - 2015-2016 оқу жылында  Тәуелсіздікке 25 жыл толуына орай Республика көлемінде ұйымдастырылған «Тәуелсіз елім – мақтанышым менің» тақырыбында оқушылар байқауында  шығармашылық пен ой  ұшқырлығын көрсеткен шәкірті Темірхан Жанар дипломмен марапатталды. 
  • - 2016-2017 о.ж;  халықаралық «Сотрудник года»  сертификатымен марапатталдым.
  • - 2016-2017 оқу жылында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары И. Сағынбаевтың «Жаңаөзен қаласының мәдениет және өнер саласының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін» Алғыс хатпен марапатталды. 

Жасақтаған оқу әдістемелік құралдары:

  • Биологияны оқыту әдістемесі (педагогикалық және кәсіптік білім беретін колледж студенттеріне арналған әдістемелік практикалық құрал) Ақтау 2013ж.
  • Биология пәніне лекциялар жинағы (колледж студенттерінеарналған) 2012ж.
  • Биология пәніне тест жинағы (колледж студенттеріне арналған) 2012ж.
  • Биология пәніне өзіндік жұмыстың түрлері (колледж студенттеріне арналған) 2012ж.
  • Биологиядан оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыс дәптері Ақтау – 2016 ж.

 

Суюбаева Райхан Давидовна – директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

  • Аты-жөні: Суюбаева Райхан Давидовна
  • Туған күні, айы, жылы: 27.03.1969 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, 5 ш/а, 21 үй, 58 пәтер
  • Білімі:   Жоғары
  • 1986-1988 жж., Маңғышлақ педагогикалық училищесі
  • Мамандығы: орта мектептің бастауыш класс мұғалімі;
  • 1991-2001 жж. Х. Досмухамедов атындағы Атырау университеті
  •  Мамандығы: орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
  • Педагогикалық өтілі: 29 жыл
  • Педагогикалық қызметі:
  • 1988-1990 жж – Жаңаөзен қаласы, № 7 орта мектеп, бастауыш класс мұғалімі;
  • 1990-1993 жж  – Қызылсай ауылы, № 4 орта мектеп, бастауыш класс мұғалімі;
  • 1993-2008 жж  – Жаңаөзен қаласы, № 9 орталау мектеп, бастауыш класс мұғалімі;
  • 2008 ж. – ЖШС «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі.

Наградалары, атағы, ғылыми атағы және дәрежесі

  • Диплом, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (Ақтау, 2013 ж.);
  • Диплом, 3 дәреже, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы, Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты (Ақтау, 2014 ж.);
  • «За профессиональные заслуги»  медалі, Ұлттық бизнес-рейтингі (Астана, 2016 ж.);
  • Құрмет грамотасы, Жаңаөзен қаласының әкімі (Жаңаөзен, 2017 ж.)

   Ғылыми жұмыстар, жарияланымдар

  • - «Мектепалды даярлық және өзін-өзі тану»/Әдістемелік құрал-06.04.2012 ж. № 2/3, Ақтау;
  • -  «Педагогика» /Әдістемелік құрал-26.03.2013 ж. № 1/2, Ақтау;
  • - «Тәрбие жұмысының әдістемесі» /Әдістемелік құрал-12.03.2014 ж. № 1, Ақтау;
  • - «Жаңа педагогикалық технологияларды кәсіптік және техникалық білім беруде қолдану – сапалы білім берудің негізі» /«Маңғыстау мұғалімі» - 26.01.2012 ж.;
  • - «Дуалдық оқыту – заман талабы» / «Жаңаөзен жаршысы» газеті - 21.04.2014 ж.;
  • - «Жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу», «Бүгінгі студент-болашақ маман» / БІЛІМ-ҒЫЛЫМ сайты;

Конференцияға қатысу  

  • - «Маңғыстау өңірінде туризмді дамытудың жолдары»/Маңғыстау облысының білім басқармасы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2016 г.)
    - «Бәсекеге қабілетті бүгінгі маман-ертеңгі Қазақстанның болашағы»/Маңғыстау облысының білім басқармасы,Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2016г.)
  • -«Жастар және ғылым»/Маңғыстау облысының білім басқармасы,Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2016г.)
    -«EXPO-2017» жасыл энергетиканың өзекті мәселелері мен болашақ дамуы»/
    Маңғыстау облысының білім басқармасы,Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2017 г.)

Біліктілікті арттыру:

  • (Тәжірибе алмасу семинарлары, тренингтер, семинарлар, курс)
    - «Түлектердің жұмысқа орналасу негізі – болашақ мамандықтың кәсіби құзіретін қалыптастыру», Маңғыстау облысының білім басқармасы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2014 ж.)
  • - Дуалдық оқыту жүйесі мен өндірістің сабақтастығы арқылы білім сапасын арттыру
  • Маңғыстау облысының білім басқармасы, Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті (2015 ж.)
  • -«Развитие функциональной грамотности чтения учащихся в рамках проведения международного исследования PISA /«Өрлеу» Ұлттық біліктілік арттыру  орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты/25-30.01.2016 ж./№ 0099525;
  • -  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту сапасын заманауи педагогикалық менеджмент негізінде арттыру»/ ҚР БжҒМ «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ / 03-15.10.2016 ж./ № 210;
  • -  «Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындауы»/ Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі/ 20.01.2017 ж./ № 543

 

Мурзагалиева Тлекши Гиндашевна – директордың өндірістік ісі жөніндегі  орынбасары

01

  • Аты-жөні:  Мурзагалиева Тлекши Гиндашевна
  • Туған күні, айы, жылы: 10.10.1955 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, 4 ш/а, 13 үй,63 пәтер
  • Білімі:   Жоғары
  • - Атырау қаласындағы педагогикалық институты
  • Мамандығы:  биология және химия пәні мұғалімі
  • Еңбек өтілі: 45 жыл
  • Педагогикалық өтілі: 38 жыл
  • 1992 жылдан бастап О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде химия пәнінен сабақ беріп келді
  • 1997-2000 жылдары директордың ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды
  • 2008 - 2016 жылдың қазан айына дейін директордың ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары ретінде «Мұнай-газ өндірісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу әдістемелік бірлестігін басқарып келді
  • 2016 жылдың қараша айынан бастап, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде директордың оқу-өндірістік практика жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда

Марапаттары:

  • 2000 жылы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №334 бұйрығымен «Мұнай-газ өндірісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу әдістемелік бірлестігі атағы берілді.
  • Тәжірибелі оқытушы ретінде сабақ берген пәндері бойынша «Химия и технология переработки нефти и газа» орыс тілінде, «Сала технологиясы» және «Органикалық химия» оқу құралдарын жазды. Ол оқу құралдары республикамыздың техникалық және кәсіптік оқу орындарында қолданылуда.
  • Көп жылғы педагогикалық қызметтегі жетістіктері жоғары бағаланып,  1994 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі» төс белгісімен, 2010 жылы «Ы.Алтынсарин» медалімен, 2013 жылы «Маңғыстау облысына 40 жыл» төс белгісімен марапатталды. 

 

Ержанова Анар Тимурқызы – директордың ақпараттандыру ісі жөніндегі орынбасары

  • Аты-жөні: Ержанова Анар Тимурқызы
  • Туған күні, айы, жылы: 01.11.1991 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, 5 ш/а,74 үй,25 пәтер
  • Білімі:   Жоғары, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
  • Мамандығы: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
  • Еңбек өтілі: 4 жыл
  • 2013-2014ж Жаңаөзен қызмет көрсету көрсету және жаңа технологиялар колледжінде «Бағдарламашы» қызметін атқарды.
  • 2014-2017ж  Жаңаөзен қаласындағы  ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде арнайы пән оқытушысы
  • 2017 ж  Жаңаөзен қаласындағы  ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде директордың ақпараттандыру  ісі жөніндегі  орынбасары қызметін атқаруда.
  • Сертификаттар:
  • 2009 жылы «ЭЕМ операторы»  квалификациясы берілді
  • 2011 жылы «ДК және модернизация» курсынан өтті.
  • 2013 жылы Өрлеу курсынан «web-сайт» сертификаты берілді

 

Баймуханова Светлана Сатлыковна – директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары

  • Аты-жөні: Баймуханова Светлана Сатлыковна
  • Туған күні, айы, жылы: 08.02.1968 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, «Астана» ш/а, 21 көше, 24/4
  • Білімі: «Шоманай» техникумы
  • Мамандығы:  есепші
  • Педагогикалық өтілі: 32 жыл
  • 1988 – 1992 ж. «Шоманай»ауданының Гагарин совхозында Балалар бақшасының шаруашылық ісі  жөніндегі орынбасары,
  • 1992 – 1995 ж. Гагарин совхоздың Гагарин бөлімінің есепшісі,
  • 1996 – 2003 ж. «ӨзенМұнайГаз Шарайна мекемесінің Тара қоймасының бас меңгерушісі     
  • 2003 – 2008 ж. УПН иПО асханасында кассир  
  • 2009 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің шаруашылық ісі жөнінде орынбасары.

Марапаттары:

  • 2010 жылы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжіне қосқан үлесі үшін мұғалімдер күні мерекесінде  Алғыс хатпен марапаталған
  • 2011 жылы «Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжі Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған мәдени көпшілік шараға белсене қатысқаны үшін Алғыс жарияланады.

 

Алипбаева Бибинур Саттарқызы  –  әдіскер

  • Аты-жөні:  Алипбаева Бибинур Саттарқызы
  • Туған күні, айы, жылы:  15.12.1953 жыл
  • Мекен жайы:  Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы
  • Білімі:  Жоғары
  • 1975 жылы Орал педагогикалық институты
  • Мамандығы:   орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Еңбек өтілі:  41 жыл
  • 1983 жылы еңбек жолын Қызылсай кентіндегі №4 орта мектепте оқытушылық, директордың орынбасары; 1992-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі және мамандар бөлімін басқарған.
  • 1999-2000 жылдары Жаңаөзен қалалық білім бөлімі жанындағы педтехнология орталығының директоры қызметін атқарып, 2000 жылдан бастап 2007 жылға дейін Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде директордың ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарының жұмысын атқарды.
  • 2007 жылы О.Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінің директоры болып тағайындалды.
  • 2016 жылдың шілде айында зейнеткерлікке шығып, қазіргі таңда 2016-2017 оқу жылынан бастап «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледждің әдіскері қызметін атқаруда.

 

Озганбаева Марияш Бегалиевна – әдіскер

  • Аты-жөні:  Озганбаева Марияш Бегалиевна
  • Туған күні, айы, жылы: 11.02.1996 жыл
  • Білімі: Жоғары, Т.Г.Шевченко атындағы Нөкіс мемлекеттік университеті
  • Мамандығы:  математика пәні мұғалімі
  • Қазақ ұлттық техникалық университеті
  • Санаты: жоғары, бірінші (ілгері) деңгей мұғалімі.
  • Педагогикалық өтілі: 32 жыл
  • 1984 жылдың 01 қыркүйегінен  2000 жылға дейін бастауыш сынып мұғалімі,
  • 2000 - 2016 жылға дейін мектеп басшысының орынбасары қызметін атқарды.
  • 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап осы колледжде бастауыш білім берудің арнайы пән оқытушысы.  

 Марапаттары:

  • Марияш Бегаливна 32 жылдық еңбек жолында «Жыл мұғалімі», облыстық панаромалық сабақ, республикалық, халықаралық интернет  сайыстарға қатысып жүлделі, ІІ,ІІІ орындарға ие болып отырды.
  • Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші ( ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.
  • Маңғыстау облысының білім саласындағы бақылау департаментінің облыстағы білім мекемелерін мемлекеттік аттестаттаудан өткізудің комиссия мүшесі.
  • Қалалық білім бөлімінің, Облыстық бақылау департаментінің  «Құрмет грамотасымен», Облыстық білім бөлімінің «Құрмет грамотасымен», Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Урбесинова Райхан Суюндиковна – күндізгі бөлім меңгерушісі

  • Аты-жөні:  Урбесинова Райхан Суюндиковна
  • Туған күні, айы, жылы: 03.12.1986 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 3ш/а, 38 үй, 21 пәтер
  • Білімі: Жоғары, Ақтөбе Педагогикалық  Институты
  • Мамандығы: Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі
  • Еңбек өтілі: 9 жыл
  • 2008-2015 ж. Жаңаөзен қаласындағы  ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде күндізгі және сырттай бөлім меңгерушісі
  • 2017 жылдан бастапкүндізгі бөлім меңгерушісі

Марапаттары:

  • 2012 жылы Жаңаөзен қаласының әкімі С.Трумовтан «Алғыс  хат»
  • 2013 жыл «Тіл сарбазы» сайысынан ІІІ орын

 

Бактыбаева Шаруфия Кашкимбаевна  – сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі

  • Аты-жөні:  Бактыбаева Шаруфия Кашкимбаевна
  • Туған күні, айы, жылы: 11.09.1980 жыл
  • Мекен жайы:  Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, 3 ш/а,39 үй,21 пәтер
  • Білімі:   Жоғары
  • Менеджмент және маркетинг институты, Атырау қаласы 
  • Ш. Есенов атындағы «Каспий» мемлекеттік технологиялар және  инжиниринг университеті, магистратура
  • Мамандығы:   Экономист-менеджер
  • Ғылыми атағы: Экономика ғылымдарының магистрі
  • Еңбек өтілі: 18 жыл
  • Біліктілігін арттыру курсы:
  • “Педагогический  менеджмент в системе технического и профессионального образования”, Орал қаласы, 2010ж;
  • “Білім берудегі стратегияларды өзгерту арқылы педагогтің кәсіби шеберлігін арттыру”,  Ақтау қаласы, 2012 ж.;
  • “Подготовка и внедрение модульных программ, основанных на компетенциях”, Республика Беларуссия, г. Минск, 25.01.2013 г.
  • «Институционалды және мамандырылған аккредиттеу аясында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалау есебін дайындау» семинар, 20.01.2017
  • Қызметі: Бөлім меңгерушісі, арнайы пән оқытушысы

Марапаттары:

  • -«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің мақтау қағазы  2012ж.;
  • - Маңғыстау облысы білім басқармасының алғыс хаты – 2013ж.;
  • -  “Кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері және шешу жолдары” тақырыбындағы
  •     облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда “үздік баяндама” ұсынғаны үшін алғыс хат, 2015ж
  • - “Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайында педагог кадрларды
  •    даярлау” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда “үздік
  •     ғылыми баяндама” дипломы 2015ж.
  • - Ustazbol.kz порталының дамуына ықпал етіп, белсене араласқаны үшін – алғыс хат, 2015ж.
  • -  Tarbie.org ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін - алғыс хат, 2016ж.
  • - Өрлеу Білім ғылым технология порталының  - құрмет грамотасы, 2016ж.
  • - -“Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжінің -  алғыс хаты,  2017ж.;

Жетістіктері:

  • - Облыстық семинарда ашық сабақ “Еңбекақымен  есептесу”, 2013ж.
  • - Білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану – сапалы білім негізі” атты облыстық семинарда іс-тәжірибесін насихаттау аясында берілген сертификат, 2013ж.
  • - Колледжішілік «Үздік педагог - 2014» байқауында бас жүлде
  • - “Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңарту жағдайында педагог кадрларды даярлау” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда “үздік ғылыми баяндама” дипломы 2015ж.
  • “Кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері және шешу жолдары” тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда “үздік баяндама” ұсынғаны үшін алғыс хат, 2015ж
  • - Ustazbol.kz порталының дамуына ықпал етіп, белсене араласқаны үшін – алғыс хат, 2015ж.
  • -  “Ұлағатты ұстаз” төсбелгісі, 2016ж. (Куәлік №С028)
  • - ««Мәңгілік ел» идеясы – жас ұрпақтың басты құндылығы» атты тақырыбында мақала жариялағаны үшін сертификат, 2016ж.
  • - Облыстық семинарда ашық тәрбие сағаты: «Алихан – азаттық таңын аңсаған алаш арысы»

Басылымдары:

  • ««Atameken Startup Weekend Aktau» шарасы жастар көңілінен шықты» атты мақала, Жаңаөзен жаршысы 2012ж
  •  “Еңбекақымен есептесу” атты ашық сабақ, “Экономика негіздері” журналы , 2013ж.
  • “Басқару есебі” атты ашық сабақ, “Экономика негіздері” журналы, 2014ж.
  • - “Теңге – тәуелсіздіктің символы” атты тәрбие сағаты, ustazbol.kz ұстаздарға арналған республикалық порталы, 2014ж
  • - “Әлемдік экономика мен ұлттық шаруашылықтағы қызмет көрсетудің ролі” атты ашық сабақ, ustazbol.kz ұстаздарға арналған республикалық порталы, 2014ж
  • - Инновациялық әдіс – білімді ұрпақ кепілі” мақала, u-s.kz  ұстаздар сайты, 2015ж
  • -  Менеджмент деңгейі” атты ашық сабақ,  u-s.kz  ұстаздар сайты, 2015ж.
  • - “Менеджмент деңгейі” атты ашық сабақ, “Экономика негіздері” журналы, 2015ж.
  • -  Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында
  •   Инновациялық әдіс – білімді ұрпақ кепілі атты тақырыбында мақала, 2015ж.
  • -  Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағында “Заманауи инновациялық әдістерді қолдану арқылы студенттерді жан-жақты дамыту
  •  жолдары” атты тақырыбында мақала, 2015ж
  • - Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы» атты тақырыбында мақала, Tarbie.org ұстаздар сайты, 2015ж.
  • - Өндіріс түрлері мен типтері» тақырыбында ашық сабақ, Tarbie.org ұстаздар сайты, 2015ж.
  • - «Алихан – азаттық таңын аңсаған алаш арысы» тақырыбында ашық сабақ, «Экономика негіздері» атты республикалық журналы, 2016ж.
  • - ««Мәңгілік ел» идеясы – жас ұрпақтың басты құндылығы» тақырыбында мақала, 2016ж.

Авторлық басылымдар:

  • - Бухгалтерлік есеп” пәнінен лекция жинағы, 2013ж
  • - “Туризм экономикасы” пәнінен оқу-әдістемелік нұсқаулық, 2015ж.

Шәкірттері:

  • - “Atameken Startup Weekend Aktau” республикалық инновациялық  шарасы бойынша «Үздік бизнес идея» сайысында  3орын - Алиев Ізберген -2012ж
  • - Республикалық тәжірибелік конференцияда «үздік ғылыми жоба» дипломы, 2012ж.
  • “Білім-Ғылым-Инновация” атты қалалық студенттік  ғылыми-практикалық конференцияда – ІІ орын, Алиев Ізберген-2013ж.
  • - “Білім-Ғылым-Инновация” атты қалалық студенттік  ғылыми-практикалық конференцияда – сертификат, Наушиева Айгерім-2013ж.
  • -  “Atameken Startup Weekend  Zhanaozen” шарасы бойынша «Үздік бизнес идея» сайысында 2орын – Уразамбетова Махаббат  -2013ж
  • - “Әлеуметтік жаңғырту жағдайында білім беру жүйесін жетілдіру” атты облыстық ғылыми конференцияда- сертификат, Изенова Карина-2015ж.
  • - «Жастар және ғылым, инновациялар, ой-пікірлер, ізденістер» атты респуликалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін – сертификат, Терекбаева Інжу, Азаматова Ақмаржан, 2015ж.
  • - «Жастар және ғылым» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға белсене қатысқаны үшін – сертификат, Көпбергенова Нұрсұлу, 2016ж.

 

Хатжан Исатева Макишовна – педагог-психолог

  • Аты-жөні:  Хатжан Исатева Макишовна
  • Туған күні, айы, жылы: 14.05.1973 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 4 ш/а, 49 үй, 98 пәтер
  • Білімі: Жоғары, Ақтөбе «Дүние» университеті
  • Мамандығы: педагог-психолог
  • Еңбек  өтілі: 25 жыл
  • 2008 - 2013  ж. Жаңаөзен қаласындағы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8-орта мектепке педагог-психолог
  • 2016 жылдан бастап «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде педагог-психолог маманы

Марапаттары:

  • 2002 жылы  -«Бас жүлде» мектепішілік Жыл мұғалімі сайысы,ІІ орын қалалық «Жыл мұғалімі» сайысынан .
  • 2012 жылы І орын , Маңғыстау облысы бойынша «Ең үздік жыл психологы» сайысы. Сол жылы қараша айында Щучье қаласында өткен «Ең үздік жыл психологы» атты республикалық конкурсына қатысып, қатысушы  сертификатына иеленді.
  • 2012 жылы 14-23-мамыр аралығында Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында  «Қиын бала тобындағы жасөспірімдерді тәрбиелеудегі әлеуметтік, психологиялық әдіс-тәсілдер» тақырыбында біліктілігін көтерді.
  • 2012-жылы 14-18- тамыз аралығында Маңғыстау облыстық білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтында «Өзін-өзі тану пәні арқылы тұлға бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында біліктілігін көтерді.
  • 2013 жылы Астана қаласы, «Келешек» психологиялық орталығы өткізген «Жасөспірімдер арасында суицид пен қатерге бейім мінез-құлықтың алдын-алу»  тақырыбындағы семинар-тренингті табысты аяқтағаны үшін сертификат.
  • 2013 жылы 20 тамыз күні қалалық білім бөлімінің бұйрығына сәйкес  педагог-психолог лауазымы бойынша, бірінші біліктілік санаты берілді.
  • 2016 жылы 21-23 қыркүйек аралығында Жасөспірімдер арасында суицидті мінез-құлықтың алдын-алу бағдарламасы  бойынша семинарға қатысып, сертификатқа иеленді.
  • 2016 жылы І орын, 15-желтоқсанда «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырған «Психология пәні» бойынша мұғалімдерге арналған Республикалық қашықтық олимпиада.

 

Нуралиева Ақжарқын Абиевна – кітапхана меңгерушісі

  • Аты-жөні: Нуралиева Ақжарқын Абиевна
  • Туған күні, айы, жылы: 31.08.1967 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 4ш/а,22 үй,49 пәтер
  • Білімі:  Жоғары, Ақтөбе қаласының «Дүние» университеті
  • Мамандығы:  Құқықтану
  • Еңбек өтілі: 25 жыл
  • 1988 -1991 ж. Менеджер қызметін атқарды
  • 1992-1996 ж. Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектепте лобарант,
  • 1996-2002 ж. Жаңаөзен қаласындағы №8 орта мектепте кітапханашы,
  • 2002-2011ж. Жаңаөзен қаласындағы  №13 бастауыш мектепте мамандар бөлімі
  • 2011-2017 ж. Жаңаөзен қаласындағы  ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде кітапхана меңгерушісі

Марапаттары:

  • 1999 жылы Маңғыстау облысы Білім басқармасының «Алғыс хат»
  • 2000 жылы Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің «Алғыс хат»
  • 2011  жылы №13 орта мектептің «Алғыс хат»
  • 2017 жылы маңғыстау облысының білім басқармасының «Алғыс хат»
  • 2017 жылы Жаңаөзен қаласы орталық кітапхана мемлекеттік мекемесінің «Алғыс хат»

 

Хибасова Турсынай Хожабаевна – бас есепші

  • Аты-жөні:  Хибасова Турсынай Хожабаевна
  • Туған күні, айы, жылы: 16.12.1978 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, Ақсу ш/а,  Маната көшесі 75 үй
  • Білімі:  Жоғары
  • Маңғыстау политехникалық колледжі
  • Мамандығы:  есепші
  • Ш. Есенов атындағы «Каспий» Мемлекеттік Технологиялар және  инжиниринг университеті
  • Мамандығы:  есепші-аудит
  • Еңбек өтілі:  17 жыл
  • 2000 – 2009ж. Жаңаөзен қаласындағы О. Тұрмағанбетұлы атындағы Жаңаөзен мұнай және газ колледжінде кассир-есепші
  • 2009 жылдан бастап «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінде бас есепші

   Марапаттары:

  • 02.10.2010 жылы-«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің Алғыс хаты.
  • 2013-2014 оқу жылы- «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің Алғыс хаты.
  • 2013 жылы- Облыстық Білім Басқарма басшысы Д. Жұмашеваның Құрмет грамотасы.
  • 2014 жылы- Облыстық Білім Басқарма басшысы Д. Жұмашеваның Құрмет грамотасы.

 

Сарсенова Зоя Байдаулетовна – мамандар бөлімінің меңгерушісі

  • Аты-жөні: Сарсенова Зоя Байдаулетовна
  • Туған күні, айы, жылы: 26.05.1994 жыл
  • Мекен жайы: Маңғыстау облысы,Жаңаөзен қаласы, Рахат-2, 4 көше, 38 үй.
  • Білімі:   Орта, «Каспий» педагогика және салалық технологиялар  колледжі    
  • Мамандығы:  Техник-програмист
  • Еңбек өтілі: 2 жыл
  • 2015 жылдан бастап ЖШС «Каспий» педагогика және салалық  технологиялар колледжінде мамандар бөлімінің меңгерушісі қызметін атқаруда