foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Колледж туралы ақпарат

 

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі өз қызметін 2008 жылдың 22 мамыр айынан бастады. Колледж директоры қаламызға белгілі үздік кәсіпкер, ұлағатты ұстаз, білім беру ісінің Үздігі - Қалдаманов Исенбай Әбиұлы.

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда. Колледж біздің өңірдің тұрғындарының білім саласы мамандарын дайындау сұранысын қамту мақсатында құрылды. Колледж қызметінің негізіне – актуалдылық, динамикалық, жаңашылдық, бәсекеге қабілеттілік, даму принциптері қойылды.

Колледжде тоғыз жыл бойы – аударма ісі, қызмет көрсету, құқықтану, экономика, педагогика – бағыттары бойынша мамандар дайындалуда.

Колледжді осы жылдар ішінде 933 орта буын маманы бітіріп шықты. Колледж 9 мамандық бойынша лицензияға және 15 біліктілік бойынша лицензияның қосымшасына ие.

Алғашқы жылдары барлық студенттер коммерциялық негізде оқыды. Халыққа біздің аймағымызда үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтар ұсындылды. Бұлар –  «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Аударма ісі», «Дене тәриесі және спорт» «Құқықтану». 

9 жылда  колледждегі студенттер контингенті  81 адамнан   911-ге дейін артты.

2012 жылы колледж қаражаты есебінен «Каспий» спорттық кешен салынды. Спорттық кешен оқу, тәрбие процесіне, сабақтан тыс шараларға, қалалық, облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға кеңінен пайдаланылады.

Материальдық-техникалық базаны жаңғыртып отыру, толықтыру, оқу процесін үнемі тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кітапхананы электронды оқулықтармен жабдықтау, кабинеттерді интерактивтік жабдықтармен қамту, кітапхананың электрондық каталогын жасақтау, оқу-тәрбие процесін жетілдіру болып табылады.

2014 жылдан бері студенттер үшін және олардың ата-аналары үшін, барлық қызығушылық танытқандар үшін екі тілде, ішінара ағылшын тілінде пайдалы және қажетті ақпараттар беретін колледж сайты жұмыс жасайды. Сайт үнемі жаңа материалдармен, жаңалықтармен толықтырып отырады.

  

Ұжымның қалыптасуы 10 штаттық оқытушыдан басталды. Қазіргі таңда оқытушылар саны 42 штаттық қызметкер, оның ішінде 47,6% бірінші және жоғары біліктілік санатты, 5 оқытушы магистр болса, бір қызметкер  PhD ғылымдарының докторы.

2009 жылдан бастап колледж мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту үшін конкурстарға қатысуда. Жылдан-жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер саны өсуде. Соңғы 5 жыл ішінде  25 % бастап  57 % дейін өсті.

Колледждің білім беру қызметінің сұранысқа ие болуы  мен жұмысының тиімділігінің көрсеткіші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер болып табылады.  Соңғы 2 жылда жұмысқа орналастырылған  түлектер көрсеткіші 2016 ж. -78%, 2017 ж. 80% -ға жетті.

Маңғыстау облысының білім беру саласын бақылау бойынша департаментінің  07.06. 2013 ж. № 171-НҚ бұйрығының негізінде колледж мемлекеттік аттестациядан табысты өтіп, оның қорытындысы бойынша колледж қызметінің барлық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкестігі жөнінде Қорытынды берілді.

Колледждегі оқу үрдісі дидактикалық талаптарға сәйкес және оқытудың заманауи технологиялары, оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіру, оқу үрдісін ақпараттандыру, оқыту құралдары қорын құру мен үнемі толықтыру  негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру қызметінің өткен жылдардағы жай-күйі мен тиімділігін талдау колледждегі білім алушылардың барлық мамандықтар бойынша жеткілікті теориялық білімі мен практикалық білігі бар екендігін көрсетеді. Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша білім сапасын талдау орташа балл көрсеткішінің 4,3 балл деңгейінде тұрақтылығын көрсетеді. 

Ғылыми-әдістемелік қызмет колледж оқытушылары құрамының инновациялық процестерге дайындығын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін, айқындайтын факторлардың бірі болып табылады.

 

Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әлеуетінің, оқытушылар құрамының кәсіби өсуі 2015 жылдын бастап «Жаңа ғасырға қадам басқан жаңа Қазақстан!», «Қазақстан мың жылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең», «Маңғыстауда туризмді дамыту жолдары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге мүмкіндік берді.

Колледж оқытушылары жыл сайын түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып отырады, соңғы 3 жыл ішінде оқытушылар арқылы 128 мақала жарияланды.

Колледжде жеке тұлғаны әлеуметтендіру үшін жағдай жасалған және студенттермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен көшбасшы тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған дәлел ретінде колледж студенттерінен құрылған «Жастар» ұйымын айтуға болады. Студенттердің жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының іс-шаралары өткізіледі.

Колледждің ұлдар және қыздардан құралған КТК командалары республикалық, өңіраралық және облыстық жарыстарда  жүлделі орындар иеленіп жүр. 

Колледжде белсенді спорттық өмір қалыптасқан. Студенттер арасында түрлі спорттық сайыстар өткізіледі. Колледж студенттері колледждер арасында қалалық және облыстық деңгейдегі бәсекелестік, спартакиадалардың белсенді қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.

Колледж басшылығы және педагогикалық қызметкерлер өздерінің алғашқы жылдарынан бастап  білім беру, мәдени, спорттық және шығармашылық бағыттарда түрлі іс-шараларға белсенді қатысушылары болуға ұмтылды.

Студенттер үшін бұл олардың әлеуетін жақсарту, кәсіптік даярлығын әрқашан көтеру мүмкіндігі болып табылады. Олардың жеткен жетістіктері колледж табысы.

Облыстық көлемде өткізілетін әр түрлі шараларға колледжіміздің студенттері белсенді қатысады. Оқу орнымыздың тарихына енген жетістіктерімізді атап айтар болсақ:

2014 жылы облыстық «Үздік әдіскер-2014» бақауында колледж әдіскері Р.Суюбаева 3 орын иеленді.

 

2015 жылы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында ұйымдастырылған «Үздік колледж-2015» байқауында «Инновация шеберханасы» номинациясын иеленді.

2015 және 2016 жылдары республикалық Ұлттық-Бизнес-Рейтинг экономикалық сараптау қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы-2015» және «Сала көшбасшысы-2016» номинациясының Алтын белгісін иеленді.

2015 жылы Жаңаөзен қалалық «Робототехника-заманауи ғылым» атты мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен сайыста 3 орын иеленді.

2016 жылы облыстық «Үздік педагог-2016» байқауында арнайы пән оқытушысы А.Бекбаева «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.

2015 жылы Маңғыстау облыстық ТжКББ оқытушылары арасында «ЭКСПО-2017» шебер-сынып сайысында педагогика және психология пәні оқытушысы Ә.Хайруллаева «Жас талапкер» номинациясына иеленді.

2017 жылы жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатында «Үздік сахналау» номинациясын иеленді.

Соңғы 5 жылдықта 2013-2017 жылдар аралығында колледж студенттері әр түрлі сайыстардан, жарыстардан, конференциялардан 167 жүлделі орынды жеңіп алды.

Колледждің қаражаттық жағдайы тұрақты. Жеткізушілермен есептесуде кредиторлық қарызы, еңбек ақы төлеу бойынша, салық бойынша қарызы жоқ.

 

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі ақпарат негізінде Ұлттық бизнес рейтинг қорытындысы бойынша және білім беру саласындағы саралау нәтижесі бойынша, «Каспий» колледжі 2015 жылы және 2016 жылы екі марапатқа ие болды:

Колледж басшылығының тәжірибесін, колледждің дамуы қорытындыларын ескере отырып, колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, еуропалық және халықаралық тәжірибе стандарттарына сәйкес, білім беру сапасын жақсарту және жетілдіру, өзгеріп отыратын сыртқы ортаның талаптарын қамтамасыз ету мақсатында институционалды және мамандандырылған аккредиттеуден өту туралы шешім қабылданды.

2017 жылдың 30 қазан - 02 қараша аралығында «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі» мекемесі аккредиттеуден өткізді.

Колледждің оқу, тәрбие, ғылыми-әдістемелік, өндірістік тәжірибе, қаржы-шаруашылық жұмыстары «жақсы» бағаға ие болды.

Сонымен, колледж бойынша барлығы 3 мамандық бойынша дуальды оқыту жүйесімен оқып жатқан 3 топта 75 студент білім алуда. Оқу жоспары бойынша ол топтарда 60% тәжірибе өткізілетін болса, 40 % теория оқытылады.

Оқыту барысында әлеуметтік серіктестерден басқа колледж жанынан тәжірибелік алаңдар ашылып, жасақталды, ол алаңдар өз деңгейінде еңбек етуде. «Каспий» балабақшасы, «Каспий» спорткешені, «Каспий» зияткерлік мектеп-бақшасы, аталған мамандықтар бойынша тәжірибелік алаң болып есептеледі.

«Каспий» зияткерлік мектеп-бақшасы өз жұмысын 2017-2018 оқу жылынан бастап кетті. 2017 жылдың қазан айында жаңадан ашылған мектепке облыс, қала басшылары, облыстық білім беру басқармасының басшылары келіп, мектептің материалдық-техникалық көріп, оқу-тәрбие процесімен танысып, оқушылар мен сұхбаттасып, ұстаздар құрамымен әңгімелесіп, кішкентай шәкірттердің біліміне «жақсы» баға берді.