foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Колледж тарихы

Маңғыстау облысы «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі –студенттер, оқытушылар, жұмыс берушілер және тағы басқа қызығушылық білдіргендер үшін актуалді білім беру жүйесі қалыптасқан, ақпараттық ортасы ашық және заманауи инфра құрылымды білім беретін оқу орны.

Колледж мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның талаптарына бағытталған даму жүйесі болып табылады. Бұл колледждің білім беру сапасын үнемі жетілдіріп, еңбек нарығының талаптарына бағытталған негізгі даму тенденциясын анықтайды. Колледж үшін сапаны жетілдіру – бұл дамудың синонимі, жаңарта дамыту.

«Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжі өз қызметін 2008 жылдың 22 мамыр айынан бастады.

Колледж техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыруда. Колледж біздің өңірдің тұрғындарының білім саласы мамандарын дайындау сұранысын қамту мақсатында құрылды. Колледж қызметінің негізіне – актуалдылық, динамикалық, жаңашылдық, бәсекеге қабілеттілік, даму принциптері қойылды.

Колледжде он жыл бойы – аударма ісі, құқықтану, экономика, педагогика – бағыттары бойынша мамандар дайындалуда.

Колледжді осы жылдар ішінде 933 орта буын маманы бітіріп шықты. Колледж 9 мамандық бойынша лицензияға және 15 біліктілік бойынша лицензияның қосымшасына ие. Колледж өз миссиясына сәйкес мынадай стратегиялық бағыттарды айқындайды:

  • оқу үдерісінің сапасын жақсарту;
  • басқару құрылымы мен менеджментін жетілдіру
  • инновациялық, ғылыми-әдістемелік және жобалау іс-әрекеті қызметін дамыту;
  • жастардың әлеуметтік бейімделуіне және кәсіби деңгейде өзін көрсете білуіне жағдай жасау;
  • әлеуметтік серіктестік жүйесін дамыту;
  • дуальді оқыту жүйесін дамыту;
  • инфрақұрылым, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту.

Колледждің іс-әрекеті, қызметінің нәтижесі негізінде  бітіруші түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін, қажетті кәсіби және әлеуметтік құзіреттілікті игерген, білікті, жеке тұлға ретінде азаматтық, рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасқан,өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын және көрсете білетіндігін көріп келеміз.

Колледждің стратегиялық жоспарына сәйкес алдағы үш жыл ішіндегі  (2016-2020ж.)

іс-әрекеті мен қызметінің моделі ұсынылды. Қосымша №25.

2008-2009 оқу жылында алғаш рет 81 үміткерді студенттер қатарына қабылдадық. 

Алғашқы жылдары барлық студенттер коммерциялық негізде оқыды. Халыққа біздің аймағымызда үлкен сұранысқа ие болатын мамандықтарды ұсындық. Бұлар –  «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит», «Аударма ісі», «Дене тәриесі және спорт» «Құқықтану». 

9 жылда  колледждегі студенттер контингенті  81 адамнан   911-ге дейін артты.

2012 жылы колледж қаражаты есебінен «Каспий» спорттық кешен салынды. Спорттық кешен оқу, тәрбие процесіне, сабақтан тыс шараларға, қалалық, облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға кеңінен пайдаланылады.

Барлық оқытылатын мамандықтар бойынша, біліктілік талаптарға сай келетін, материальдық-техникалық база толықтай қамтылған деп есептейміз. 30 оқу кабинеті, 130 компьютер жұмыс жасап тұр. Интернет-зал жабдықталған.

Материальдық-техникалық базаны жаңғыртып отыру, толықтыру, оқу процесін үнемі тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, кітапхананы электронды оқулықтармен жабдықтау, кабинеттерді интерактивтік жабдықтармен қамту, кітапхананың электрондық каталогын жасақтау, оқу-тәрбие процесін жетілдіру болып табылады.

Материальдық-техникалық базаны жетілдіру үшін жұмсалған қаражат көлемі:

2014-2015ж. –22850,0 мың теңге, 2015-2016ж. –18420,0 мың теңге, 2016-2017 ж.-32400,0 мың теңге, 2017-2018ж.-44600,0 мың теңге.

2014 жылдан бері студенттер үшін және олардың ата-аналары үшін, барлық қызығушылық танытқандар үшін екі тілде, ішінара ағылшын тілінде пайдалы және қажетті ақпараттар беретін колледж сайты жұмыс жасайды. Сайт үнемі жаңа материалдармен, жаңалықтармен толықтырып отырады.

Ұжымның қалыптасуы 10 штаттық оқытушыдан басталды. Қазіргі таңда оқытушылар саны 42 штаттық қызметкер, оның ішінде 47,6% бірінші және жоғары біліктілік санатты, 5 оқытушы магистр болса, бір қызметкер  PhD ғылымдарының докторы. Бірінші және жоғары біліктілік санатты оқытушылардың өсуінің оң динамикасы анықталды:

 

2009 жылдан бастап колледж мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту үшін конкурстарға қатысуда. Жылдан-жылға мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер саны өсуде. Соңғы 5 жыл ішінде  25 % бастап  57 % дейін өсті.

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып жатқан студенттер үлесі мен санының динамикасы диаграммаларда көрсетілген.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқып жатқан студенттер үлесі
 

Мемлекеттік тапсырыс негізінде оқып жатқан студенттер саны

 

Колледж мемлекеттік тапсырыс бойынша берілген орындардың жақсы сақталуын қамтамасыз етеді, ол 57%-ды құрайды.

Колледждің білім беру қызметінің сұранысқа ие болуы  мен жұмысының тиімділігінің көрсеткіші түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша көрсеткіштер болып табылады.  Соңғы 2 жылда жұмысқа орналастырылған  түлектер көрсеткіші 2016 ж. -78%, 2017 ж. 80% -ға жетті.

Маңғыстау  облысының білім беру саласын бақылау бойынша департаментінің  07.06. 2013 ж. № 171-НҚ бұйрығының негізінде колледж мемлекеттік аттестациядан табысты өтіп, оның қорытындысы бойынша колледж қызметінің барлық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарына сәйкестігі жөнінде Қорытынды берілді.

Колледждегі оқу үрдісі   дидактикалық талаптарға  сәйкес және оқытудың заманауи технологиялары, оқытудың дәстүрлі әдістерін жетілдіру, оқу үрдісін ақпараттандыру, оқыту құралдары қорын құру мен үнемі толықтыру  негізінде жүзеге асырылады.

Білім беру қызметінің өткен жылдардағы жай-күйі мен тиімділігін талдау колледждегі білім алушылардың барлық мамандықтар бойынша жеткілікті теориялық білімі мен практикалық білігі бар екендігін көрсетеді. Қорытынды аттестацияның нәтижесі бойынша білім сапасын талдау орташа балл көрсеткішінің 4,3 балл деңгейінде тұрақтылығын көрсетеді. 

Кәсіби даярлығы деңгейін бағалау және біліктілік тағайындау (КДДБ және БТ) қорытындысы бойынша түлектердің 100%-ы біліктілік беру жөнінде сертификаттар алады. 2013-2017 ж.ж. орташа балл  85%, бұл  «жақсы» деген бағаға сәйкес.

               Ғылыми-әдістемелік қызмет колледж оқытушылары құрамының инновациялық процестерге дайындығын жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін, айқындайтын факторлардың бірі болып табылады.               Ғылыми және ғылыми-әдістемелік әлеуетінің, оқытушылар құрамының кәсіби өсуі 2015 жылдын бастап «Жаңа ғасырға қадам басқан жаңа Қазақстан!», «Қазақстан мың жылдықтар тоғысында: тарихи сабақтастық және қазіргі кезең», «Маңғыстауда туризмді дамыту жолдары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге мүмкіндік берді.

Колледж оқытушылары жыл сайын түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып отырады, соңғы 3 жыл ішінде оқытушылар арқылы 128 мақала жарияланды.

               Колледжде жеке тұлғаны әлеуметтендіру үшін жағдай жасалған және студенттермен тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Студенттердің өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері мен көшбасшы тәрбиелеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Оған дәлел ретінде колледж студенттерінен құрылған «Жастар» ұйымын айтуға болады. Студенттердің жобалау және ғылыми-зерттеу жұмыстарының іс-шаралары өткізіледі. Колледждің ұлдар және қыздардан құралған КТК командалары республикалық, өңіраралық және облыстық жарыстарда  жүлделі орындар иеленіп жүр.                 Колледжде белсенді спорттық өмір қалыптасқан. Студенттер арасында түрлі спорттық сайыстар өткізіледі. Колледж студенттері колледждер арасында қалалық және облыстық деңгейдегі бәсекелестік, спартакиадалардың белсенді қатысушылары және жеңімпаздары болып табылады.               Колледж басшылығы және педагогикалық қызметкерлер өздерінің алғашқы жылдарынан бастап  білім беру, мәдени, спорттық және шығармашылық бағыттарда түрлі іс-шараларға белсенді қатысушылары болуға ұмтылды.               Студенттер үшін бұл олардың әлеуетін жақсарту, кәсіптік даярлығын әрқашан көтеру мүмкіндігі болып табылады. Олардың жеткен жетістіктері колледж табысы.

Облыстық көлемде өткізілетін әр түрлі шараларға колледжіміздің студенттері белсенді қатысады. Оқу орнымыздың тарихына енген жетістіктерімізді атап айтар болсақ:

2014 жылы облыстық «Үздік әдіскер-2014» бақауында колледж әдіскері Р.Суюбаева 3 орын иеленді.

2015 жылы Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары арасында ұйымдастырылған «Үздік колледж-2015» байқауында «Инновация шеберханасы» номинациясын иеленді.

2015 және 2016 жылдары республикалық Ұлттық-Бизнес-Рейтинг экономикалық сараптау қорытындысы бойынша «Сала көшбасшысы-2015» және «Сала көшбасшысы-2016» номинациясының Алтын белгісін иеленді.

2015 жылы Жаңаөзен қалалық «Робототехника-заманауи ғылым» атты мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында өткен сайыста 3 орын иеленді.

2016 жылы облыстық «Үздік педагог-2016» байқауында арнайы пән оқытушысы А.Бекбаева «Шығармашыл ұстаз» номинациясын иеленді.

2015 жылы Маңғыстау облыстық ТжКББ оқытушылары арасында «ЭКСПО-2017» шебер-сынып сайысында педагогика және психология пәні оқытушысы Ә.Хайруллаева «Жас талапкер» номинациясына иеленді.

2017 жылы жұмысшы мамандығының «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатында «Үздік сахналау» номинациясын иеленді.

Соңғы 5 жылдықта 2013-2017 жылдар аралығында колледж студенттері әр түрлі сайыстардан, жарыстардан, конференциялардан 167 жүлделі орынды жеңіп алды.

Колледждің қаражаттық жағдайы тұрақты. Жеткізушілермен есептесуде кредиторлық қарызы, еңбек ақы төлеу бойынша, салық бойынша қарызы жоқ.

Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі ақпарат негізінде Ұлттық бизнес рейтинг қорытындысы бойынша және білім беру саласындағы саралау нәтижесі бойынша, «Каспий» колледжі 2015 жылы және 2016 жылы екі марапатқа ие болды:

- Қазақстан Республикасы кәсіпкерлерінің ішінде «Сала көшбасшысы» номинациясы бойынша «Рейтинг қоласы»;

- Маңғыстау облысы кәсіпкерлерінің ішінде «Сала көшбасшысы» номинациясы бойынша «Рейтинг Алтыны», сондай-ақ «Білім беру мақтанышы -2016» мәртебесі.

Колледж басшылығының тәжірибесін, колледждің дамуы қорытындыларын ескере отырып, колледждің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін, еуропалық және халықаралық тәжірибе стандарттарына сәйкес, білім беру сапасын жақсарту және жетілдіру, өзгеріп отыратын сыртқы ортаның талаптарын қамтамасыз ету мақсатында институционалды аккредиттеуден өткізу туралы  шешім қабылданды.