foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

 

Құрметті ата-аналар, студенттер!

 

  Бүгінгі Қазақстандағы кәсіптік білім беру ісіне, педагогқа, жастарды тәрбиелеуге деген жаңа көзқарастар пайда болды.  Қай заманда болмасын шығыс әлемінде білімге деген талап пен талғамның ерекше болғанын жоққа шығармау керек. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесін арттырып  әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпаққа білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек.

 Елбасымыздың халыққа жолдауында берілген Қазақстанның әлемдегі ен дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақ мерзімді басымдықтары белгіленген. Осы орайда оқытушыға қойылатын талаптар да өте зор. Оқытушының шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп, меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болуы мақсатында колледждің 17 инженерлік–педагогикалық қызметкері МО «Өрлеу» БАҰО АҚ біліктілік арттыру курстарынан өтті.

  Біздің қоғамның барлық салаларын жаңғыртуға бағытталған Ұлт жоспарының бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамның «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» бөліміндегі 77-қадам экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледжде білікті кадрларды әзірлеуді, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына таратуды қарастырады. Әлеуметтік әріптестермен ынтымақтастықты дамыту, экономика салаларының талаптарына білім беру бағдарламаларды сәйкестендіру мақсатында және оларды экономика салаларына ұтқырлығын арттыру мақсатында колледж базасында  2012 жылдан бастап 0101000–Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 2015 жылдан бастап 0105000–«Бастауыш білім беру», 2016 оқу жылынан бастап  0103000 –«Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша дуалдық оқыту жүйесімен оқыту эксперименті тәжірибеге енгізілді.  Колледж бен Жаңаөзен қалалық білім бөлімі, Жаңаөзен қаласында орналасқан барлық орта мектептер және мектепке дейінгі ұйымдар арасында Меморандумға қол қойылды. Дуалды оқытуда теория мен тәжірибенің өзара байланыс принципі жүзеге асырылады. Мұның өзі болашақ маманға  білім ордасында жұмыс істеу барысында  қажетті біліктілікке, мамандыққа деген  қызығушылыққа  ие болуға көмектеседі. Дуалдық оқыту барысында білім алушылар  теория мен тәжірибені ұштастыру мақсатында  колледж жанынан 75 орындық «Каспий» шағын орталығы ашылды. Қазіргі таңда колледжде жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, оқу орнының материалдық-техникалық базасын талаптарға сәйкестендіру, басқа да дайындық жұмыстары жүргізілуде.

  «Каспий» педагогика және салалық технологиялар колледжінің кешегі, бүгінгі, ертеңгі көздеген басты нысаны – жан-жақты жетілген, білімді, саналы, еліне, жұртына адал қызмет ете алатын өнегелі ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, қашан да көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіздігін алған Қазақстанымыздың мәртебесін асқақтатып, мемлекеттік тіліміздің қадір-қасиетін ұғынып, үйренетін қазақстандық толыққанды азамат бейнесін қалыптастыруымыз керек деп ойлаймын. 

  Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір кәсіптік оқу пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейі нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек.
Сөз соңында ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың : «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» - деген сөздерімен  түйіндегім келеді.

   Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Каспий педагогика және салалық технологиялар колледжінің директоры И. Калдаманов