foto1
Running text caption 1
foto1
Running text caption 2
foto1
Running text caption 3
foto1
Running text caption 4
foto1
Running text caption 5

Миссиямыз: "Білім беру саласындағы жетістіктерді, әлем жаңалықтарын игере отырып, педагогика және заманауи технология саласының мекемелерімен тең құқықтық бәсекелестікте еңбек ете алатын, жауапты, қабілетті, бейімделгіш маман дайындау"

Негізгі мәзір

Қосымша мәзір

 

Дуалдық, модульдік оқыту жүйесі - кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі

«Каспий» педагогика және салалық және технологиялар колледжінде «Дуалдық, модульдік оқыту жүйесі: кәсіби біліктілікті арттырудың жаңа мүмкіндігі» атты облыстық семинар-практикум болып өтті. Семинар-практикумге өзара тәжірибе алмасу үшін Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен арнайы пән оқытушылары, бастауыш мектеп мұғалімдері, дене шынықтыру пәні мұғалімдері және мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері қатысты.

   

Колледжде дуалдық оқыту жүйесі бойынша оқыту оң жолға қойылған. Студенттер теория мен практиканы ұштастыра отырып білім алуда: аптаның екі күнінде колледжде теориялық білім алса, қалған үш күнінде қаладағы мектеп және балабақша базаларында тәжірибеден өтеді. Студенттер мен тәлімгерлерден құралған шығармашылық топ жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сынып пәндерін оқытуда интеграцияланған оқыту әдістемесінің тиімділігін көрсете білді. Сынып оқушылары оқу мақсаттарына жету үшін белсенді оқу әдістерін қолдана білді. Тәжірибе жетекшілері М.Озганбаева, М.Ильясов және Г.Шакенова студенттерге жаңартылған бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жоспар құрастыруды, сабақ берудің жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгертіп, нәтижеге бағытталған сабақтарды жоспарлауды үйретті. Арнайы пән оқытушылары З.Джумагамбетова және А.Хайруллаева семинарға келген мұғалімдерге топпен,  жұппен,  жұмыстар  істей  отырып,  заманауи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы коучинг өткізді.

  

Тәжірибе алмасу семинарының қорытындысында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша болашақ мамандардың кәсіптік дағдылары мен шеберлігі қалыптастырылып, дуалдық оқыту жүйесіндегі теория мен практиканың жаңа тәсілдерін тиімді қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігі дамыды.

Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі Епенова З.А.